Оқушыларға калькулятор бағдарламасын пайдаланып, арифметикалық және алгебралық амалдарды қолданып есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс
Калькулятор қолданбасын пайдаланып, арифметикалық және алгебралық амалдар арқылы есептер шығару.
Білімділік мақсаты
Оқушыларға калькулятор бағдарламасын қолдана отырып, арифметикалық және алгебралық амалдармен есептер шығаруды үйрету.
Тәрбиелік мақсаты
Ұқыптылыққа, жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге, нәтижеге ұмтылуға, ізденімпаздық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Калькулятор қолданбасындағы стандартты функциялармен жұмыс дағдыларын қалыптастыру және есеп шығару барысында қызығушылықты арттыру.
Көрнекілік және техникалық құралдар
Көрнекілік
Слайдтар, калькулятор
Техникалық құралдар
ДК-лер, бейнепроектор, интерактивті тақта
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, қатысушыларды түгендеу және сабаққа дайындықтарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Калькулятор және базалық ұғымдар бойынша қайталау сұрақтары.
- 1. Калькуляторды қалай іске қосамыз?
- 2. Калькулятордың неше түрі бар?
- 3. Блокнот бағдарламасы не үшін қолданылады?
- 4. Арифметикалық өрнек түрлерін атаңдар.
-
5. Тек қосу амалдарын пайдаланып, бес «2»-нің көмегімен 28 санын және сегіз «8»-дің көмегімен 1000 санын жазыңдар.
Жауабы
1000 = 888 + 88 + 8 + 8 + 8
28 = 22 + 2 + 2 + 2
III. Практикалық жұмыс
Калькулятордың жад (Memory) батырмаларын қолданып, есептер шығару.
MC
Жадты тазалау.
MR
Жадтағы санды енгізу өрісіне шығару.
M+
Жадтағы санға енгізу өрісіндегі санды қосу.
MS
Енгізу өрісіндегі санды жадқа сақтау.
1-тапсырма
Тауарлардың әр түрінің құнын $ доллар курсы бойынша теңгемен есептеңдер.
Курс
1$ = ??? теңге
Нұсқау
- • Калькуляторды ашып, берілген доллар бағасын енгізіңдер.
- • Курс мәніне көбейтіп, нәтижені теңгемен жазыңдар.
- • Қажет болса, жад батырмаларын (MC, MR, M+, MS) қолданыңдар.
Ескерту
Курс мәні мұғалім тарапынан беріледі. Есептеу барысында өлшем бірліктеріне және жазу дәлдігіне назар аударыңдар.