Қазақстан - Отаным Орындайтын мектеп балалар хор ұжымы

Әдеби-музыкалық салтанат бағдарламасы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Б. Әбдіразақов атындағы №88 орта мектеп мұғалімі Батырхан Нұрымбет әзірлеген.

Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы» атты әдеби-музыкалық кеш.

Салтанатты ашылу

Музыка Әскери шеру Мемлекеттік рәміз

Күйі: Жігерлі, көтеріңкі музыка ойнайды.

Сахнаға шығу: Ортаға әскери шеру кіреді. (Алмас) Туды алып, айналып шығып бір шетке орналасады.

Жариялау: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін!»

Музыка фонында екі жүргізуші шығады.

Жүргізушілердің кіріспе сөзі

Жүргізуші 1

Береке мен бірліктің қалқаны нық,

Киелі елдің әрдайым әр таңы құт.

Қасиетім – әрқашан бас иетін,

Армысыздар, ағайын, алқалы жұрт!

Жүргізуші 2

Өнерсіздің оты жанып, сөнер демде,

Өнерпаздың нұр жүзі көнерген бе?

Әз халқым, ардақтайтын арым менің,

Сәлем бердім, көзайым көрерменге!

Ортақ поэтикалық бөлім: «Қазақстан – менің елім!»

Әр тасың, әр белесің жылы маған,

Туған жердің жырына тоя ма адам?

Тұлпарлар дүбірлеткен ұлы далам,

Қазақстан – менің елім!

Қойнауынан қазына сарқылмаған,

Әр сүйемі киелі алтын далам.

Күн сайын, сағат сайын қарқындаған,

Қазақстан – менің елім!

Жарқыраған биікте жұлдыздары,

Асқақтаған Алатау – шың-құздары,

Өркендеген өрелі ұл-қыздары,

Қазақстан – менің елім!

Ұлдары ғарыш көкте шарықтаған,

Еңбегімен дән теріп жалықпаған,

Әнұраны аспанда қалықтаған,

Қазақстан – менің елім!

Береке басынан бақ таймаған,

Ұландары жүректен от қайраған,

Биікте желбіреген көк байрақ – ән,

Қазақстан – менің елім!

Шайқалмаған тарихтың дауылына,

Мүше болған әлемнің бар қауымына,

Көпұлтты басқан ұя – бауырына,

Қазақстан – менің елім!

Салт-дәстүрі бай халқым – жойылмаған,

Қойнауы құт-берекеге толы сайын далам.

Елбасымды бүкіл әлем мойындаған,

Қазақстан – менің елім!

Сызат түспей бар ұлттың бірлігіне,

Қуат берген Ақорда тірлігіне.

Жасампаз, бар аймаққа үлгі міне,

Қазақстан – менің елім!

Құттықтау және ресми бөлім

Жүргізуші 1

Тағы да армысыздар, ардақты да құрметті салтанат қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Биыл Тұңғыш Президент күні мерекесі алғаш рет аталып өтуде. Баршаңызға құтты болсын!

Елбасы – демократиялық мемлекеттің іргелі тұлғасы, тәуелсіздіктің берік тірегі, жарқын істердің өзегі, еңбек пен бостандықтың нық тұғыры, тіл мен ділдің дәуірлік діңгегі.

Жүргізуші 2

Елбасы – әрбір азаматтың ары мен абыройы, мақтанышы мен мерейі, қасиеті мен құрметі, еркіндігі мен еңбегінің сенімді символы.

Елбасы – елдің өсуі мен өркендеуінің өзегі, күш-қуаты мен беделінің тірегі, әл-ауқаты мен мәдениетінің мәйегі.

Құрметті қонақтарды шақыру:

Бүгінгі салтанатымызда құттықтау сөз сөйлеу үшін ауыл әкімі Төлемісов Абдулла ағаны және Б. Әбдіразақов атындағы №88 мектеп директоры Қожа Лепесов Қуандық ағайды ортаға шақырамыз.

Рахмет!

Жүргізуші 2

Жаса, қазақ! Жаса, елі қазақтың!
Артта қалды барлығы да азаптың.
Елбасының абыройы, беделі –
Әкелген сөнбек емес азат күн!

Келесі құттықтау сөз кезегін Ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан көкеге, ауыл имамы Ғабдулла ағаға және №20 «Жайна» балабақшасының меңгерушісі Тілеубергенова Гүлмира апайға береміз.

Рахмет, ақжарма тілектеріңізге!

Жерің ғажап, жерің байтақ, алып та,
Елім менің қай кезде де тарықпа!
Елбасымен ғасырлардың төріне,
Туыңдағы қыран құс боп қалықта!

Енді назарларыңызға Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған танымдық-музыкалық концертімізді ұсынамыз.

Концерт бағдарламасы

Нөмірлер тізімі

Орындаушылар мектеп ұжымы мен оқушылар арасынан.

  1. 1. Хор: «Қазақстан – Отаным» — мектеп балалар хор ұжымы
  2. 2. Қымбат
  3. 3. Ән: «Қазақстаным» — Айдәулет Райхан
  4. 4. Жанерке
  5. 5. Ән: «Туған ел» — Гүлфайрус Ермақанова
  6. 6. Ән: «Кішкентай баламыз» — Ақбота мен Гүлзат
  7. 7. Гүлденген
  8. 8. Би: Орыс биі — бишілер тобы
  9. 9. Ән: «Домбыра» — Гүлфайрус Ермақан
  10. 10. Нұрсұлтан
  11. 11. Ән: «Сәлем саған, туған ел!» — Әсима Оспан
  12. 12. Би: «Ата толғауы» — бишілер тобы
  13. 13. Ақнұр
  14. 14. Ән: «Қазақтай ел қайда?» — Әсима Оспан
  15. 15. Гүлфайрус
  16. 16. Ән: «Қазақтың елі» — Айдәулет Райхан
  17. 17. Хор: «Ақ күріш – әнім» — мектеп балалар хор ұжымы

Қорытынды бөлім

Жүргізуші 1

Қазыналы кенге бай әр төбесі,

Өндірісі нарықтың нар кемесі.

Қазақстан – киелі ұлы мекен,

Елбасының биікте тұр мәртебесі.

Жүргізуші 2

Ту тігіліп, төріне тақ орнаған,

Нұр тарайды Астана – Ақордадан.

Ел сенген Елбасы бар, мәртебелі,

Қазағымның басына бақ орнаған!

Жаратылған ар-намыс, барыс тектен,

Елбасымның атағы алыс кеткен.

Қазақстан – отаны ұландардың,

Шырқап ұшып, сәлем берген ғарыш көктен.

Кір жұқпай ұлылықтың ұғымына,

Таусылмасын Тәуелсіздік жыры мына.

Қазақстан, өрлей бер жоғарыға,

Тік тұрып Тәуелсіздік тұғырына!

Жабылу сөзі:

Құрметті қонақтар, көрермендер! Осымен Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған музыкалық салтанатымыз аяқталды. Көңіл қойып, назар аударғандарыңызға рахмет!

Әрқашан еліміздің еңсесі биік, мәртебесі жоғары болсын. Елімізде ынтымақ пен ырыс, береке мен бақ орнасын. Заманымыз тыныш, таңымыз нұрлы болсын!

Материал: мектепішілік іс-шара сценарийі (әдеби-музыкалық кеш).

Тәуелсіздік Бірлік Патриоттық тәрбие Мектеп концерті