Білгеніңді дәлелде ІІІ кезең

Сабақтың тақырыбы

Тік төртбұрыш пен шаршының периметрі.

Сабақтың мақсат-міндеттері

Білімділік

Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының периметрін есептеу тәсілдерін түсіндіру және тапсырмалар орындату.

Дамытушылық

Танымдық ойлауын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, адалдыққа, шапшаңдық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және әдістемелік негіз

Педагогикалық технология

Дамыта оқыту.

Сабақтың типі

Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі

Математикалық турнир.

Әдістері

  • Түсіндірмелі әдіс
  • Сұрақ-жауап
  • Практикалық жұмыс

Сабақтың формасы

  • Жеке жұмыс
  • Топтық жұмыс

Көрнекілігі

  • Оқулық, тақта, сызғыш, бор
  • Геометриялық фигуралар
  • Слайд беттері
  • Шығармашылық тапсырмалар
  • Таразы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Психологиялық дайындық.

Ұран: «Математика ғылымы — ермек емес, балалық; математика ғылымы — көрегендік, даналық.»

Математикалық турнир кезеңдері

  1. 1 Ойна да, ойла
  2. 2 Білгеніңді дәлелде
  3. 3 Ақылыңа ақыл қос

II. Үй тапсырмасын тексеру

№6 есептің орындалуын тексеру.

III. Өткен материал бойынша білімді тексеру

«Ойна да, ойла!» бөлімінде жылдам сұрақтар мен қысқа тапсырмалар орындалады:

Кім тапқыр?
Кім білгір?
Ойлан, тап!
Біліміңді көрсет
Тез ойла!

IV. Мақсат қою

Оқушылардың бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін табу жолдарын меңгерту.

V. Жаңа материалды түсіндіру

Негізгі ұғымдар

  • Көпбұрыш ұғымы.
  • Фигураларды салыстыру.
  • Периметрдің өмірдегі маңызы: қоршау, жиектеу, жиек жүргізу сияқты жағдайлар.

Оқулықпен жұмыс

Фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрін табу.

II кезең: «Білгеніңді дәлелде» (дәптермен жұмыс)

Шаршы

P = 3 см + 3 см + 3 см + 3 см

P = 12 см

Тік төртбұрыш

P = 4 см + 2 см + 4 см + 2 см

P = 12 см

Ойындар мен тапсырмалар

№2 «Не өзгерді?» ойыны

Есеп 1

Шарты: Ойыншық — 30 тг. Қоңырау — 6 тг қымбат. Барлығы қанша?

Шешуі: 30 + (30 + 6) = 66

Жауабы: 66 тг.

Есеп 2

Шарты: Зырылдауық — 90 тг. Шығыршық — 10 тг арзан. Бағасы қанша?

Шешуі: 90 − 10 = 80

Жауабы: 80 тг.

Сергіту сәті — №3 «Жүйрік болсаң, озып көр»

1) a + 30

a = 27 → 30 + 27 = 57

8 + 30 = 38

2) a − 6

a = 76 → 76 − 6 = 70

89 − 6 = 83

№4 «Кім жылдам?» — теңдеулерді шешу

  • a + 8 = 98
  • a − 5 = 40
  • a − 6 = 32

№5 «Арифметикалық таразы» ойыны

9 + * = 17
9 + * = 18
17 − * = 9
18 − * = 9

«Балапанға көмектес» тапсырмасы: (12 * 3) * = 5