Ежелгі адам

Мақсаты

Оқушыларға ежелгі адамдар туралы мағлұмат беру, өздігінен ізденуге бағыттау және Блум таксономиясының жоғары деңгейлі сұрақтары арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Адам және қоршаған орта туралы білімін кеңейтеді.
  • Ежелгі адамдардың тіршілігі туралы мәлімет алып, танымдық әрекеттері дамиды.
  • Тарихқа құрметпен қарау дағдысы қалыптасады.
  • Топта жұмыс істеп, ойын дәлелдеп айтуға, сұрақ қойып жауап беруге үйренеді.
  • Шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.

Тапсырмаларға негіз болатын әрекеттер

  • Топпен талқылау, пікірді ортаға салу, топқа бейімделу.
  • Оқулықпен және дәптермен жұмыс.
  • Оқулықтағы практикалық жұмыс (5–6-бет).
  • Ізденіске негізделген тапсырмалар.

Оқушыларға арналған дереккөздер

Ғаламтордан Жер шары және алғашқы адамдар туралы мәліметтерді қарастыру; проектор арқылы www.google.com сайтына кіру.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: «Балалар, қазір дүниетану сабағы. Білімімізді жоғары деңгейде көрсетіп, ынтымақпен жұмыс істей алатынымызды дәлелдеуіміз керек».

Оқушыларды 1, 2, 3 деп санау арқылы топқа бөлу: 1 — бірінші топ, 2 — екінші топ, 3 — үшінші топ.

Мұғалім оқушыларға суреттер таратып, сұрақ қояды: «Қандай суреттер берілді? Осы суреттерге қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайық».

2) Көңіл-күйді көтеру сәті

Орнымыздан тұрайық,
Оңға бір бұрылып, солға бір бұрылып,
Орнымызды табайық.

3) «Уақыт машинасымен» өткенге саяхат

Сұрақтар

  • Тарих дегеніміз не? Тарих — адамзат қоғамының өткені туралы ұғым.
  • Тарихи дереккөз деген не? Өткен өмір туралы ақпарат беретін заттар мен жазбалар.
  • Тарихи деректемелерге не жатады? Қолжазбалар, кітаптар, монеталар және басқа да деректер.
  • Тарихтан нені білгілерің келеді? Оқушылар өз ойларын айтады.

4) Оқулықпен жұмыс (жиксо әдісі)

а) Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып, мазмұнын топ ішінде талқылайды.

ә) Елестету және сипаттау

Ежелгі адамдарды көз алдына елестетіп, сипаттап айтады.

б) Кестені толтыру

Ежелгі адам мен қазіргі адамның ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Ежелгі адам Қазіргі адам Ұқсастығы
Оқушылар мәтін бойынша негізгі белгілерін жазады. Қазіргі өмірмен салыстырып, мысалдар келтіреді. Ортақ тұстарын дәлелдермен көрсетеді.

Оқушылар талдау жасап, қорытынды шығарады және өз пікірлерін ортаға салады.

Әр топ келесі топқа сұрақ қойып, ұсыныстарын білдіреді.

5) Мәтінді бекіту және дәптермен жұмыс

Шығармашылық жұмыс

1-топ

Табиғаттың суретін салады.

2-топ

«Адам мен еңбек — егіз» тақырыбына эссе жазады.

3-топ

Табиғатқа арнап бір шумақ өлең жазады.

6) Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушылар бір-бірін бағалайды: егер жұмыс ұнаса — бас бармақты жоғары көтереді, ұнамаса — төмен түсіреді.

Негізгі ой: ежелгі адамдардың өмірі табиғатпен тығыз байланысты болды, ал бүгінгі адамның мүмкіндіктері ғылым мен еңбек арқылы кеңейді.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді мазмұндау.
  • Энциклопедиядан ежелгі адамдардың тіршілігі туралы оқып, шағын зерттеу жұмысын жүргізу.