Құрмаштың қазасы

Сабақтың тақырыбы

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Білімдік

Тұжырым жасауға, ой қорытуға, салыстыру мен сабақтастыруға, жалпы болжам құра білуге үйрету.

Дамытушылық

Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, еңбектену мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік

Ізгі қарым-қатынасқа, жауапкершілікке және құрметке тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Ойын сабақ.

Оқыту әдісі

Дамыта оқыту.

Көрнекіліктер

Схема, плакаттар.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі (мұғалім сөзі)

Бүгінгі сабағымыз — Мұхтар Әуезов шығармашылығын талдауға арналған сабақтар топтамасының жалғасы. Жазушы әңгімелерінің ішінде тілі көркем, ойы терең туындылардың бірі — «Көксерек». Бүгінгі мақсатымыз — бір ғана әңгіменің өзімен-ақ Әуезовтің классик суреткер екенін танып, негізгі ойды дәлелдер арқылы ашу.

Негізгі бөлімде тапсырмалар бойынша сынып топтық жұмыс жасайды.

Ойын 1: «Мені түсін»

Топтық тапсырма, көрініс құрастыру

Ойын шарты

5 топтан бір-бір оқушы ортадағы үстелге келіп отырады. Әр үстелде белгілі бір эпизод беріліп, оқушы оны түсіндіріп, мазмұнын ашады.

Үстелдер бойынша эпизодтар

  • А үстелі: Көзі ашылмаған күшіктің Құрмаштың қойнынан табылуы.
  • Ә үстелі: Ауыл адамдарының жеті күшікке көрсеткен зәбірі.
  • Б үстелі: Зіңгіттей көк шолақ қасқыр болған шағында қара ала төбетпен айқасы.
  • В үстелі: Қой жайып жүрген Құрмашқа қасқырдың шабуы.
  • Г үстелі: Әженің зары.

Ойын 2: «Өрмекші»

Деңгейлік тапсырма, айналым әдісі

Өту тәртібі

  1. 1 Оқушылар төрт-төрттен бөлініп, 1, 2, 3, 4 нөмірін тағады.
  2. 2 Алдымен І деңгей тапсырмаларын орындап, келесі үстелге ауысады.
  3. 3 Үстелдерді толық айналып шыққан соң, дәл осы тәсілмен ІІ деңгей тапсырмалары орындалады.
  4. 4 ІІІ деңгей тапсырмасын әр топ бірігіп орындайды.

Бағалау және уақыт

Әр айналым
5 минут
Марапат
Жақсы орындаған оқушыларға фишкалар беріледі

ІІІ деңгей сұрақтары

  • Қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі.
  • Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры.
  • Қаталдық: Көксерек ауылда.
  • Көксерек пен Құрмаш: көрген зәбірі мен жазасы.

ІІ деңгей сұрақтары

  • Көксеректің ауылдан кетуі.
  • Тағылардың тағылық әрекеттері.
  • Көксеректің жойқын дүлей күшке айналуы.
  • Қараадыр еліндегі мазасыздық.
  • Құрмаштың қазасы.
  • Көксеректің жазасын тартуы.

І деңгей сұрақтары

  1. 1 Әңгіме тек Көксерек төңірегінде ғана өрбиді деп ойлайсыздар ма?
  2. 2 Ауыл адамдарының іс-әрекетін құптауға бола ма?
  3. 3 Кім қатал, кім өктем: Көксерек пе, әлде ауыл адамдары ма?
  4. 4 Табиғатқа шабуыл жасап, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?
  5. 5 Басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы?

Шығармашылық бөлім

Әңгімеге қатысты өлең жазған оқушылардың шығармаларын тыңдау.

Түйін: адам мен табиғат тепе-теңдігі

Бүгін біз Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі арқылы жаратылыстағы адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің маңызын таныдық. Бұл үйлесім бұзылған кезде, оның салдары үлкен құрбандыққа әкелуі мүмкін.

«Көксерек» адамдарға үлкен міндет жүктейтіндей әсер қалдырады: озбырлық пен қатыгездікке жол бермей, өзара сыйластықты сақтауға шақырады.

Сабақты қорытындылау (сұрақ–жауап)

«Көксерек» әңгімесі қалай аяқталады?

Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.

Неге жазушы әңгімені кемпір қарғысымен түйіндейді?

Бұл қарғыс — Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа қарсы қарғысы; адам қатыгездігіне берілген моральдық баға.

Жазушы неге үндейді?

Жазушы адамдарды татулыққа, бір-бірін әрі өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.

Үй тапсырмасы

«Көксерек — табиғаттың тағы перзенті» тақырыбына шағын шығарма жазу.