Зулатып шариғатты шарт жүгініп, Молдекең отырғанда мойнын толғап

Ахмет Байтұрсынов

Ғылымдар дүниелік сиқыр болмақ,
Оқыған ол ғылымды кәпір болмақ .
Зулатып шариғатты шарт жүгініп,
Молдекең отырғанда мойнын толғап.
Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан,
Артында ілесе алмай жүрміз әман.
Күн сайын өзгеріліп, өнер артып,
Бәрі де бара жатыр алға таман.
Заманың түлкі болса, тазы боп шал —
Деген сөз аятпенен бірдей маған.
Алақтап артымызға қарағыштап,
Жүргенде - ақ озып, ұзап кетті заман.
Нәрсені түске енбеген өңде көрдік,
Соларды тапқан — ғылым дейміз жаман.
Ғылым деп нені үйрендік біздер жаста,
(Айтқаным бекер болса, алмай таста!
Табылар ақтайтын да, боқтайтын да,
Сөз емес арнап жазған дос пен қасқа...)
Әйелмен пәлен бар деп жанасқанда,
Пәлен деп ұйқысырап адасқанда,
Үйрету балаларға қандай жақсы,
Ақылға салып, ойлап, бал ашқанда.
Мектепте оқымаған білмей жүр ғой
Жердегі мал — мақұлық, құс аспанда.
Айтамын молдекең жоқ оңашада,
Сөз бермес кәпірсің деп таласқанда.
Жазған сөз жаным ашып алашыма,
Алаштың адасқан аз баласына.
Қаннан қан, еттен етім, бауыр жұртым!
Қараған Қаратаудың қаласына.
Іші лас, сырты таза залымдардың
Алданып құр сыртының тазасына.
Мәз болып байғазы алған балаларша
Сатылып жылтыраған танасына.
Әбілдің1 зияратын аттап өтіп,
Қабылдың бата қылма моласына,
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп,
Тығылып тажалдың бұтханасына,
Ес кетіп, сабыр қалмай, сасқалақтап,
Қорыққаннан көзің сыймай шарасына,
Ұмытып Құдайды да, құранды да,
Бас ұрма ләнат - манат2 ағашына.
1 - Діни аңыздың кейіпкерлері.
2 - Қарғыс мағынасындағы айтылған ұғым.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны



Ұқсас жұмыстар

Гәкку
Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал
КӨКШЕ ӨҢІРІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Шал ақын
Сақарадағы рухани өмірдің өзіндік ерекшеліктері
Шал ақынның өмірі мен шығармашылығы
Махамбет – ұлт рухының айбары
Ақындар айтысындағы әзіл-әжуа
Мағжан Жұмабаевтың халқына сіңірген еңбегі
ТАРИХИ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Кәсіпкеріктің дамуының алғы шарты құқықтық қамтасыз етілуі
Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар
Қажетті және жеткілікті шарттар.
Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
Өзіндік бақылауға бейімдеу шарттары
Шарт ұғым және оның түрлері
Шарт ұғымы. туралы
Сақтау шартының мәні
Экспериментті ұйымдастыру өткізудің ең алғашқы шарты-оның жоспарлануы