Қуан халқым
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Тақырып
- Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі емес
- Көрнекілігі
- Суреттер, мақал-мәтелдер, слайдтар, нақыл сөздер
Сабақтың мақсаты
- Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен және қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
- Қаншама құрбандықпен келген тәуелсіздікті құрметтеуге, қастерлеуге; Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге және күресуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Құрметті тыңдаушылар, қонақтар, әріптестер! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға 26 жыл толды. Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Өмірлеріңіз мәнді де сәнді болсын, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын. Осындай ізгі тілекпен «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» атты іс-шарамызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Қуан, халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін.
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық,
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым, бірге тойлайық!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді, ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі Әнұраны!
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Мультимедиялық тақтадан Президенттің сайлануы және тәуелсіздіктің жариялануы туралы бейнематериал көрсетіледі.
II. Ой қозғау: «Сөзден сөз туады»
Тапсырма: «Тәуелсіздік» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, мүмкіндігінше көп сөз құрастырыңыз.
Мысал
ел
страна
Мысал
сіз
вы
Мысал
тәуелді
зависимый
Мысал
әуе
воздух
Мысал
із
след
Мысал
іс
дело
III. Оқылым: «Тәуелсіз Қазақстан»
Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан мемлекеті. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына және Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды, Әнұранымызды бекіттік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді. Туған жерімізде талай игі өзгерістер мен жақсы жаңалықтар орын алып келеді. Ең бастысы – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көпұлтты халқымыз бар.
Біздің ұранымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік пен тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың бірлігін сақтау – әрбір азаматтың борышы.
Негізгі ой
Тәуелсіздік – ортақ құндылық
Оны сақтау – әр азаматтың міндеті.
Тірек ұғым
Бейбітшілік
Тыныштық пен тұрақтылықтың негізі.
Тарихи дерек
1991
Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы.
IV. Тапсырмалар
1) Сөздік құрастыру
Мәтінді оқи отырып, өзіңізге жаңа немесе маңызды сөздерден кемінде 10 сөз таңдап, шағын сөздік жасаңыз.
2) Сөзжұмбақ
- Қыстың бірінші айы.
- «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен ... тербетеді».
- Жаңадан көшіп келген көршіге берілетін тамақ.
- Қазақстан — ... мемлекет.
- Мемлекеттік рәміз.
- «Туған жердей жер ..., туған елдей ел ...».
- «Свобода» сөзінің аудармасы.
- Айдың аты.
- Басқа елдің адамдары — ...
- «Единство» сөзінің аудармасы.
- Қазақстан басқа елдермен ...
3) Сергіту сәті: әріптерден сөз құрау
Берілген әріптер:
А Т А С А Н Қ З А Н Қ Т А С А М Л Т Е К М Е Е А Х Ы Қ Л Т У Е Ә З Л І С Е Б І Ш І К Л Й Б Т І
Тапсырма: осы әріптерді пайдаланып, мүмкіндігінше көп сөз құрап жазыңыз.
4) Аударма және сөйлем құрастыру
Берілген сөз тіркестерін аударыңыз және екі жай сөйлем құрастырыңыз:
-
Родная земля
-
Все народы
-
Единство народов
-
ООН
5) Сұрақтарға ауызша жауап
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанды қанша ел таныды?
- Әрбір азаматтың борышы не?
- Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
- Қазақ тіліне қандай мәртебе берілді?
6) «Дұрыс/бұрыс» тапсырмасы
Мәтінді пайдаланып, берілген сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз (сөйлемдер мұғалім тарапынан ұсынылады).
V. Қорытынды сұрақтар
- Еліміз тәуелсіздігін қашан алды?
- Тәуелсіздіктің қандай белгілерін білесіздер?
- Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
- Қазақстанның ең үлкен жетістігі туралы не білесіздер?
VI. «Біз кімбіз?» — құндылықтарды таңбалау
Жүргізуші: Қазіргі таңда Қазақстан — өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету — бүгінгі ұрпақтың қолында.
Қ
Біз тәуелсіз елдің жастарымыз.
А
Біз ел қорғаушымыз.
З
Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
А
Біз заңдарды қорғайтын ұландармыз.
Қ
Біз болашаққа сеніммен қараймыз.
С
Біз өз жолын анықтай алатын азаматпыз.
Т
Біз бақытты, заманауи ақпаратқа қол жеткізе алатын ұрпақпыз.
А
Біз білімге, адамгершілікке құштармыз.
Н
Біз салауатты өмір салтын сақтайтын жастармыз.
«Қазақ елі» әні орындалады.
Тәуелсіздік мерекесіне арналған кешіміз осымен аяқталады.