Киіктің айласы

Сабақ тақырыбы: «Киіктің айласы»

Мақсаты

  • Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру, табиғаттағы тылсым тіршілік иелерінің қорғану тәсілдерін түсіндіру.
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
  • Табиғатты танып-білуге, табиғатты сүюге және бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Сөзжұмбақ, суреттер, мақал-мәтелдер.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Сабақ барысы

1

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың зейінін шоғырландыру.
  • Сабаққа қонақтар қатысып отырғанын ескертіп, сыныпты сабаққа дайындау.
2

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап

  • Қазір қай тарауды оқып жатырмыз? «Табиғат — менің өз үйім»
  • Үйге қандай тапсырма берілді? «Қайырымдылық» мәтінін оқып, мазмұндау
  • Мәтін мазмұнын оқушылардан сұрау.

Пысықтау

«Бәйге» ойыны (деңгейлік тапсырмалар)

20 ұпай (сол жақ)

Мұғалима Мұхтарды не үшін мақтады?

50 ұпай (орта)

Мектептен келе жатып, Мұхтар қандай оқиғаға тап болды?

10 ұпай (оң жақ)

Ол нені құтқарды?

30 ұпай (оң жақ)

Мұхтар не үшін қуанды?

30 ұпай (сол жақ)

Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады?

40 ұпай (орта)

Мәтіндегі негізгі кейіпкерлер кімдер?

20 ұпай (оң жақ)

Әңгіменің «Қайырымдылық» деп аталу себебі неде?

40 ұпай (орта)

Мұхтардың орнында өзің болсаң не істер едің?

20 ұпай (сол жақ)

«Қайырымдылық» сөзін қалай түсінесің?

Қосымша сұрақ

Мәтіндегі күшік ненің баласы? Иттің баласы.

Мақал-мәтелдер

Ит — үйдің күзетшісі.

Ит — жеті қазынаның бірі.

Ит — адамның досы.

Ата-аналардан мысалдар

  • Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік.
  • Өнерлі бала — сүйкімді.
  • Ынтымақ түбі — бірлік.

Қайырымдылық — қорғау, көмектесу. Табиғаттағы тіршілік иелерінің бәріне де мейірім таныту қажет.

Топтастыру

Үй хайуанаттары

Қамқорлық көрсету

Құстар

Қорғау, ұя салуына жағдай жасау

Ағаштар

Күтіп-баптау

Жабайы жануарлар

Табиғи ортасын сақтап қалу

Біз табиғаттағы барлық жануарға бірдей көмек бере алмаймыз. Дегенмен олардың жауларынан қорғану үшін өз айла-тәсілдері бар.

3

Жаңа сабаққа кіріспе

Бүгінгі сабақта әңгіме қай жануар туралы болатынын сөзжұмбақ арқылы анықтаймыз.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Жыл мезгілі.
  2. Жеміс ағашы.
  3. Төрт түліктің бірі.
  4. Өз атын шақыратын құс.

Жауабы

Сөзжұмбақтан шыққан жануар — киік.

Слайдтар көрсетіліп, киік туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Тақырыпты бекіту

  • Дәптерге бүгінгі тақырыпты жазу: «Киіктің айласы».
  • Әуелбек Қоңыратбаевтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталу.
  • Мәтін мазмұнын түсіндіру.
4

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін қайта шоғырландыру.

5

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту.
  • Дамытушы тапсырма: қасқыр мен қабанның «қаруларын» (қорғану/шабуыл құралдарын) атау.

Дәптермен жұмыс

Мәтінде аталған аңдар мен жануарлардың атауларын жазу.

6

Қорытындылау

Сюжетті суретпен жұмыс (сұрақтар)

  • Суреттен нені байқап тұрсыңдар?
  • Киіктер қайда келді?
  • Аш қасқырлар не істеп отыр еді?
  • Қасқырлар қандай әрекет көрсетті?
  • Ақсақ теке киік қандай айла жасады?
  • Аш бөрілерге не болды?
  • Киік шынымен-ақ ақсақ па еді?

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағалау.

Үй тапсырмасы

  • Әңгімені оқып келу.
  • Киіктің суретін салу.