Жүсіпбек Аймауытов өлеңіНеғып жатыр
Жүсіпбек Аймауытов өлеңі
Неғып жатыр?
Түрленіп мынау заман ағып жатыр.
Жай өтпей һәркімге сын тағып жатыр,
Жайынан замананың хабардар ма?
Осы біздің қазақтар неғып жатыр
Шүкір, қазақ ұйқыдан тұрып жатыр,
Өз әлінше өрмегін құрып жатыр
Жіліктің майлы басын бері тартып,
Икемдеп өз алдына бұрып жатыр.
Бізге не өнер, ғылым жұғып жатыр
Жастар мұны үйреніп ұғып жатыр,
Халыққа бас - көз болып, жол мұндалап
Бір - бірлеп газеталар шығып жатыр.
Қазақтың балалары оқып жатыр,
Білімін күннен - күнге қосып жатыр.
Жат мінезге әулікпей, жұртын ойлап,
Ұлттың қамын көңілге тоқып жатыр.
Үшител, мұғалымдар тарап жатыр,
Байлар да үлкен іске жарап жатыр.
Тас болат үй, магазин, зауыт ашып,
Тайталасып, өнерге жанып жатыр.
Нашарға көнілдері еріп жатыр,
Мә, жәрдем! — деп аямай беріп жатыр,
Ұйымнан, ынтымақтан басын тартпай,
Сөзге, жөнге, қатарға кіріп жатыр.
Сөйтіп, қазақ ілгері басып жатыр,
Медресе, мектептерін ашып жатыр.
Инженер, агроном, адуақаттар,
Дәрігерлер де өнеге шашып жатыр.
Қазаққа қалай пайда келтірем деп,
Қайтсін! Басқара алмай сасып жатыр.
Біреулері өнермен жетілтем деп,
Біреулер — шаруамен, десіп жатыр.
Нөсер соғыс әлемге жетіп жатыр,
Ақ патша жұртқа пәрмен етіп жатыр.
Ол пәрменде санатқа қазақ кіріп,
Шот, қорегі жылтыңдап кетіп жатыр.
Жүген, құрық көрмеген аңғырт жұрт қой,
Дұшпанды бүйірінен тесіп жатыр.
Мойны қатты надандық шіркін кернеп,
Көнбегендер желкесін жесіп жатыр.
Қатын - бала, шал - кемпір қалып жатыр,
Шәлкестікпен жаласып, талап жатыр,
Алыстан Герман неғып жатыр? — деуші еді,
Жақын жерден білуге барып жатыр.
Лай суға куанған шортамдардай,
Бұйырғанын құлқынға салып жатыр.
Жәбір - жапа көргендер жалынысып,
Ғаділетті төреге шағып жатыр.
Курапаткин сияқты ұлықтары,
Тұғралық назарына алып жатыр.
Иншалла, қазаққа да болар тендік,
Қисықты ауылы тезге салып жатыр.
Ұлы соғыс басылып, тан да атар,
Русиядағы дұшпанын бір мұқатар
Шот, қорегі шетімен шекпен болып,
Қазақ та халық болар тырна қатар.
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Ж. Аймаутовтың педагогика жөніндегі көзқарасы.
Алғашқы қойылымдардың көркемдігі мен дәстүрі
Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі
Мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқыту жолдары
Шәкәрім тойы – елдің тойы
Жүсіпбек Аймауытұлы мақалалары мен аудармалары. Ақжан Машани «Әл-Фараби және Абай»
Жүсіпбек Аймауытов туралы
Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ақын, прозаик, драматург, әнші, журналист-публицист, сазгер, ғалым, психолог ретінде танылады
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
АЙМАУЫТОВ ЖҮСІПБЕК
Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен
Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған
Жазып жатыр түге
Ерте заманда бір жолбарыс бір тоғайдың қалың бедерінде ұйықтап жатыр еді
Бүгінгі күнде жеңіл жүрісті қыздар күн санап артып бара жатыр
Тек жатырмын күтіп
Жанданып жатыр жарасын жалап жазатын табанын тұзбен тоздырған түздің тағысы
Қыс келді далада қар жауып жатыр
Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене - үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен