Жымию Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері
Сабақтың тақырыбы
«Р» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру.
Сабақтың мақсаты
- «Р» дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде және сөйлемде анық айтуға машықтандыру.
- «Р» дыбысын басқа дыбыстардан буын, сөз және сөйлем ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету.
- Фонематикалық қабылдауды дамыту; ойын тапсырмалары арқылы ойлау мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі
Топтық сабақ.
Көрнекілігі
- «Р» дыбысының артикуляциясы (схема/сызба)
- Артикуляциялық жаттығулар
- Слайдтар, түрлі суреттер, тапсырмалар
Сабақтың құрылымы
- I Ұйымдастыру бөлімі
- II Негізгі бөлім (сиқырлы пойыз тапсырмалары)
- III Қорытынды және үй тапсырмасы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабаққа дайындау: тыныс алу жаттығулары, мимикалық гимнастика, дауыс ырғағын қалыптастыру.
Тыныс алу жаттығулары
- «Батпырауық ұшырамыз»: батпырауықтар түрлі түсті, оқушылар өз түстерін таңдайды.
- «Алақанымызды жылытамыз»: бір деммен жылы ауаны алақанға үрлеу.
Мимикалық гимнастика
- Көзді ашып-жұму (қатты – жай).
- Ерінді түтікше тәрізді алға созу.
- Жымию.
Дауыс ырғағын қалыптастыру
II. Негізгі бөлім: «Сиқырлы пойыз» тапсырмалары
Бүгін біз сиқырлы пойыздың тапсырмаларын орындап, әр вагонды кезекпен «ашамыз».
I вагон: Қай әріп екенін тап
Фонематикалық тыңдауЖұмбақ-өлең:
Райхан да өлең жаттады, Раушан да өлең жаттады. Қай әріптен басталады Екеуінің аттары?
Жауабы: «Р»
«Р» дыбысының артикуляциясы
- Ерін сәл дөңгеленіп тұрады.
- Жоғарғы және төменгі тістердің арасы алшақ болады.
- Тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі.
- Тіл мен таңдай арасымен ауа толқыны еркін өтеді.
- Тілдің шет жақтары азу тістерге тиіп тұрады.
- Жұмсақ таңдай көтеріліп, ауаның мұрын қуысына өтуін тежейді.
- Дауыс шымылдықтары жақындасып, діріл арқылы дыбыс пайда болады.
- Дем шығарғанда ауа ағысы тіл ұшын қозғап, дірілдетеді.
II вагон: «Р» дыбысын дұрыс айту
Айтылым дағдысыТрактор қалай жүреді?
ЫР – ЫР – ЫР – ЫР – ЫР
«Р» дыбысын дұрыс, анық және ырғақпен айтуға көңіл бөлеміз.
Буынмен қайталау
Ра – ра – ра
Сара
Ры – ры – ры
Тары
Ру – ру – ру
Сору
Әр қайталауда тіл ұшының дірілін сақтауға тырысамыз.
III вагон: Дәптермен жұмыс
Жазылым және талдау1-тапсырма: Буындардан сөз құрастыр
Берілген буындар:
2-тапсырма: Артық суретті тап
- Алмұрт
- Қияр
- Қарбыз
- Қоян
3-тапсырма: «Р» дыбысы бар суреттер
«Р» дыбысы бар сөздерді таңдап, оларды буынға бөліп айтыңдар.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
а) Қағазды жаймалау
Алақанмен, жұдырықпен, сұқ саусақпен.
ә) Саусақпен бейнелеу
Қоян, қайшы, ит, көзілдірік.
IV вагон: «Көңілді тіл» ертегісі
Артикуляциялық гимнастикаЕнді айнаға қарап, «Көңілді тіл» туралы ертегіні еске түсіріп, артикуляциялық жаттығуларды орындаймыз.
1) Көңілді тіл өз үйшігінде тұрады. Бұл қандай үй? — Ауыз.
2) Үйдің есігі ашылып-жабылады. Қалай ашылып-жабылатынын көрсетейік.
3) Тіл далаға шықты: тілді «есік алдына» шығарамыз.
4) Күнге жылынып жатыр: «Күрекше» (жалпақ тіл төменгі еріннің үстінде).
5) Айналаға қарайды: «Сағат».
6) Жел соғып, тіл тоңды да үйіне кірді. Үйіне кіріп, үстіңгі тістерін «тазалады».
7) Әжесінің тәтті қайнатпасымен шай ішті: «Кесе».
8) Тәтті қайнатпа ерінге тиіп қалыпты — тазалаймыз: «Тәтті шырын».
9) Далаға шығу үшін атқа мінді: «Ат шауып келеді».
10) Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады.
Жаттығуларды еске салу
Қорытынды
Бүгінгі сабақты бекіту үшін алфавиттік жұмбақтарды шешеміз және тақпақ оқимыз.
Жұмбақ 1
Қарда бар, мұзда жоқ. Жарда бар, құзда жоқ.
Жауабы: Р
Жұмбақ 2
Дәптерде бар, кітапта жоқ. Пәтерде бар, үйде жоқ.
Жауабы: Р
Жұмбақ 3
Қырқада бар, қырда бар. Айранда бар, сүтте жоқ.
Жауабы: Р
Тақпақты оқы
(Мұғалім таңдаған тақпақты мәнерлеп оқу және «Р» дыбысының анық айтылуына назар аудару.)
Үй тапсырмасы
- «Р» дыбысы бар 5–7 сөз тауып, буынға бөліп жазу.
- «Ра/ры/ру» буындарын айна алдында 2–3 минут қайталау.