Деңгейлік тапсырмалар. Сабақтың мақсаты
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы: 6-сыныптағы математика сабағының үлгісі
Қабылдау деңгейі әртүрлі оқушыларға бірдей зейін аударып, әрқайсысымен дербес жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін тиімді тәсілдердің бірі — деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Осы тәсілді қолдана отырып, 6-сыныпта өткізген «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу» тақырыбындағы сабағымның құрылымын ұсынамын.
Сабақтың мақсаты
- Теңсіздіктер тақырыбы бойынша оқушының танымын кеңейту.
- Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
- Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту (жауапкершілік, ынта, өзіне сенім).
Сабақтың барысы
Сабаққа психологиялық дайындық, мақсат қою, бағалау өлшемдерін түсіндіру.
Үй тапсырмасы негізгі бөлімде тапсырмалар арқылы қайталау және пысықтау түрінде жүзеге асырылады.
Сабақ үш кезеңге бөлінеді. Әр деңгейге сай тапсырмалар беріліп, орындалуына қарай ұпай қойылады және жетондар таратылады.
Негізгі ұғымдарды бекіту, жылдам жауап беру.
Қолдану, түрлендіру, дәлелдеп орындау.
Ізденіс, күрделірек есептер, талдау.
I деңгей: «Кім жүйрік?»
Бұл кезеңде сынып оқушылары өткен сабақ пен бүгінгі тақырыпты байланыстыра отырып, жаппай тапсырмалар орындайды. Мақсат — негізгі ұғымдарды шапшаң еске түсіру және қолдану.
-
Берілген сандар: −4, −2, −6, 0, 7, 9, 3, 8,4.
Тапсырма: қайсысы [−3; 8,5] аралығына тиесілі? -
Берілген сандар: 5,4; 7; −3,2; 0; 8; −1.
Тапсырма: (−∞; 4,8] аралығына тиесілі сандарды жазыңыз.
Дұрыс орындаған жағдайда, тапсырмалар нәтижесі арқылы атақты француз математигінің есімі құрастырылады.
Белгілі бір уақыт ішінде тапсырмаларды толық орындаған 4 оқушы келесі кезең — III деңгей тапсырмаларына жіберіледі.
IV. Сергіту сәті
Үшінші кезеңге өтпес бұрын сынып оқушылары қысқа сергіту тапсырмаларын орындайды. Видеопроектор экранындағы торкөзден сандар таңдалып, сол сандардың астында жасырылған логикалық сұрақтар мен әзіл есептерге жауап беріледі. Әр дұрыс жауапқа тапсырманың күрделілігіне қарай 3–5 ұпай аралығында жетондар беріледі.
III деңгей: «Ізденген жетер мұратқа!»
Сергіту сәтінен кейін II кезеңде үздік нәтиже көрсеткен 4 оқушыға III деңгейдің күрделірек тапсырмалары ұсынылады. Бұл кезеңнің мақсаты — оқушының ізденіс дағдысын, талдау мәдениетін және дәлелді ойлауын дамыту.
Автор туралы
Ұзақов Жандос Қалыбекұлы — Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Жамбыл мектеп-балабақшасының математика пәні мұғалімі.