Топ басшылар сайысы

7–8-сыныптар Сыныптан тыс іс-шара Интеллектуалдық сайыс

Іс-шара туралы

Тақырыбы

«Информатика әлемінде» сайысы

Сабақтың түрі

Сыныптан тыс жұмыс

Мақсаты

Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, шығармашылық және өнерпаздық қабілеттерін байқату, дамыту және тәрбиелеу.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Информатика болашаққа бастайды, келешекке білім қуған жастарды. Қадам басып XXI ғасырға, әлем жаңалығын танытады.

Нұрлы үмітті арқалаған жас ұрпаққа жан сәулесін таратып, шын пейілмен құрметімізді білдіре отырып, «Информатика әлемінде» сайысының қатысушыларын ортаға шақырамыз!

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

Мектепішілік «Информатика әлемінде» білімділік сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Әділқазылар алқасы

Төрелік етуші информатика пәні мұғалімдері:

  1. 1 Усаева Светлана Тархипқызы
  2. 2 Калымбетова Арайлым Өмірбайқызы
  3. 3 Тұрғанова Гүлсім Кәкімқызы (бірлестік жетекшісі)

Сайыс құрылымы

«Информатика әлемінде» сайысы келесі бөлімдер бойынша өтеді:

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Топ басшылар сайысы
  3. 3 Мақал – сөз мәйегі
  4. 4 Қас-қағым сәт
  5. 5 Бәрін білгім келеді
  6. 6 Зерделілер сайысы
  7. 7 Қорытынды

1-бөлім. Таныстыру

Әр топ өз құрамын таныстырады.

Бағалау: 10 ұпай

Көрермен жиналған бұл тамашаға құр қарап отыру жараса ма? Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес — білімді жас талантқа қол соғайық!

2-бөлім. Топ басшылар сайысы

Әр сұраққа жылдам әрі нақты жауап беріледі.

Әр сұрақ: 2 ұпай

1-топ басшысы

  1. Компьютердің «миы»? Жауабы: процессор
  2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? Жауабы: 1 бит
  3. Сыртқы жады? Жауабы: диск
  4. Принтерлердің ішіндегі ең жылдамы және сапалысы? Жауабы: лазерлік
  5. Көп пернелі құрылғы? Жауабы: пернетақта

2-топ басшысы

  1. Мәтінді жою пернелері? Жауабы: Delete, Backspace
  2. Принтердің неше түрі бар? Жауабы: 3
  3. Ақпаратты әзірлеу, сақтау, өңдеу және жеткізуге арналған электрондық аспап? Жауабы: дербес компьютер
  4. Microsoft фирмасының президенті? Жауабы: Билл Гейтс
  5. Компьютердің негізгі бөліктері? Жауабы: монитор, жүйелік блок, пернетақта

3-бөлім. Мақал – сөз мәйегі

Компьютерге қатысты әзірленген мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу.

Бағалау: 10 ұпай
  1. Жігітті компьютеріне қарап бағала. (Жігітті досына қарап бағала.)
  2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады.)
  3. Вирустан қорыққан Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан егін екпес.)
  4. Компьютердің жұмысы иесіне мәлім. (Аттың сыры иесіне мәлім.)
  5. Веб-дизайнердің өз еркі — сайтты қалай жасаса. (Қазаншының өз еркі — құлағын қайдан шығарса.)
  6. Білмесең, анықтамадан сұра. (Білмесең, білгеннен сұра.)
  7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы. (Бір ақылдан екі ақыл артық.)
  8. Антивирусы күштіні вирус ала алмайды. (Досы күштіні жау алмайды.)
  9. Күлсең, ескірген компьютерге күл. (Күлсең, кәріге күл.)
  10. Компьютерде екі колонка — дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады.)

4-бөлім. Қас-қағым сәт

Оқылған сұрақтарға мүмкіндігінше тез жауап беру қажет.

Бағалау: 10 ұпай

1-топ сұрақтары

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі — бит
  2. Ақпаратты шығару құрылғысы — принтер
  3. Сурет салуға арналған бағдарлама — Paint
  4. Вирусты тауып жоятын бағдарлама — антивирус
  5. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама — калькулятор
  6. Бір байтта — 8 бит
  7. Компакт-дискіні оқитын құрылғы — CD-ROM
  8. Дауыс жазуға арналған құрылғы — микрофон
  9. Дүниежүзілік байланыс желісі — интернет
  10. Екілік жүйе сандары — 0, 1
  11. Адам мен компьютердің қарым-қатынас тілі — интерфейс
  12. Болдырмау әмірін растайтын перне — Esc
  13. Ең алғашқы бағдарламаны жазған — Ада Лавлейс
  14. Жойылған нысандар орналасатын қапшық — себет
  15. Деректерді сақтауға арналған құрылғы — жады

2-топ сұрақтары

  1. Графикалық ақпарат көшірмесін енгізетін құрылғы — сканер
  2. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама — Word
  3. Дыбыс шығаратын құрылғы — колонка
  4. Санау жүйелері — екілік, сегіздік, ондық, оналтылық
  5. Конъюнкция — логикалық көбейту
  6. Windows сөзінің аудармасы — терезе
  7. Мәліметтерді енгізу пернесі — Enter
  8. Компьютер — ақпаратты өңдеу құралы
  9. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру — Delete
  10. Пернетақта — мәліметтерді енгізу құрылғысы
  11. «Ақпарат» сөзі шыққан тіл — латын
  12. Компьютер жады 2-ге бөлінеді
  13. 1 килобайтта — 1024 байт
  14. Монитор түрлері — электронды түтікшелі, сұйық кристалды, плазмалық
  15. Желіге қосылуға қажетті құрал — модем

5-бөлім. «Бәрін білгім келеді»

Әр топ монитордағы ұяшықтарды таңдап, сұраққа жауап береді: дұрыс жауап — ұпай қосылады, қате жауап — ұпай шегеріледі.

Ұпай: 10 / 20 / 30

Ғалымдар

  • 10: Компьютердің атасы — Чарльз Бэббидж
  • 20: 19 жасында қосу машинасын жасаған ғалым — Блез Паскаль
  • 30: Логарифм ұғымын енгізген шотланд математигі — Джон Непер

Тарих

  • 10: Жапондықтар абакты қалай атаған? — соробан
  • 20: Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? — ХХ ғ. I жартысы
  • 30: Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламаны қай жылы жазды? — 1846 ж.

Ақпарат

  • 10: Адам ақпаратпен не істейді? — сақтайды, таратады, өңдейді
  • 20: Ақпараттық процестер — алу, беру, сақтау, өңдеу
  • 30: Ақпарат қалай бағаланады? — түсінікті, дәл, толық, жаңа, пайдалы

Әр түрлі

  • 10: Амал түрлері — қосу, алу, көбейту, бөлу
  • 20: Компьютердің негізгі құрылғылары — пернетақта, монитор, жүйелік блок
  • 30: ЭЕМ буындары және элементтік базалары — I: электрондық шамдар; II: транзисторлар; III: интегралдық схемалар; IV: микропроцессор

6-бөлім. Зерделілер сайысы

Жұмбақ-теңеулердің жауабын табу.

Бағалау: 10 ұпай
  1. Бар құрылғыны басқаратын, «ми» іспетті негізгі бөлік: Жауабы: процессор
  2. Өзінен сәуле шашып, көзді талдыратын құрылғы: Жауабы: монитор
  3. Саусақты билетіп, экранға мәтін түсіретін береген: Жауабы: пернетақта
  4. Адам көмегімен басқарылатын, компьютердің «кенже баласы»: Жауабы: тышқан
  5. Тышқанның ең жақын «туыстары»: Жауабы: трекбол, джойстик
  6. Қағазға тоймайтын «мешкей»: Жауабы: принтер

7-бөлім. Қорытынды

Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпайын есептеп, қорытынды жасайды. Сайысқа қатысушылар марапатталады.

Алғыс сөзі

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін, ғажайып келешектің төккен үнін — ардақты ұстаздарға шын көңілден жолдаймыз бүгін алғысымызды.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет. Қонақтарымызға ізгі тілегіміз: қанаттарыңыз талмасын, биікке самғай беріңіздер!

Қош сау болыңыздар!

Қорытынды ой

Білім — биік шың. Ол қиындықтан өткізер ақылшың. Бұл сайыс — оқушылардың зеректігін, жылдамдығын және шығармашылығын танытатын әсерлі алаң.