Көптік жалғаулы зат есімді тап
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай батыр ауылы
А. С. Пушкин атындағы орта мектеп
Әдіскер: Елшинбекова Тамаша Бурибаевна
Сабақ тақырыбы: Зат есім
Мақсаты
- Елестету арқылы шығармашылық ойлауды дамыту; грамматикалық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын, тілін жетілдіру.
- Ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Зат есім ұғымы туралы білімін толықтыру, тиянақтау; өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
Көрнекілігі
- Ертегі мазмұнына қатысты суреттер
- Тірек-сызба, қима қағаздар
- Кодоскоп, үнтаспа, тапсырмалар
Принциптері
Біртұтастық, жүйелілік.
Әдістері
Қызығушылықты ояту, сұрақ-жауап, ассоциация құру, көрнекілік, талдау, ажырату, жинақтау.
Бағдарлау-мотивациялық кезең
Қызығушылықты ояту
Мұғалім оқушыларды «Морфология патшалығына», яғни Зат есім еліне шақырады. Бұл елде барлық заттың атауын білдіретін сөздерді жинақтап, олардың қалай айтылатынын және қай жерде қолданылатынын бағыттап отыратын ақылшы хан бар екен. Ел-жұрт оны «Зат есімнің данасы» деп атапты.
Хан өте мейірімді болғандықтан қасында үнемі балалар еріп жүреді. Ол оларға ертегі айтып, жұмбақ жасырады. Бір күні хан бақта демалып отырып, айналада шықылықтап ұшып жүрген құсты көріп, балалардан: «Мына құс сендерге неге ұқсайды?» — деп сұрайды.
Елестету тапсырмасы
- Ұқсас заттардың атын жазу: бұлт, құрт, көбелек, тау т.б.
- Осы сөздерге қойылатын сұрақ: не?
- Көпше түріне қойылатын сұрақ: нелер? (мысалы: бұлттар, құрттар, көбелектер, таулар)
- Адамға қатысты сұрақтар: кім? кімдер?
Қорытынды: кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.
Алдағы тапсырмалар арқылы зат есімнің түрлеріне жеке-жеке тоқталамыз.
Операциялық-орындаушылық кезең
Оқулықпен жұмыс
287, 288, 289-жаттығулар: зат есім түрлерін ажырату, талдау, қолдану.
287-жаттығу
Берілген зат есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз: әже, дәрігер, жазушы, іні, суретші. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді тап. Зат есімдерге қандай сұрақ қойылатынын анықта.
288-жаттығу
Көп нүктенің орнына қажетті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз: малдың төлдері (қозы, ...), аңдар (аю, ...), құстар (аққу, ...).
289-жаттығу
Әр қатардағы сөздерді жинақтап, бір сөзбен ата: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі — ...; кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған — ...; қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз — ....
Оқулықтан тыс грамматикалық тапсырмалар
4) Ұжымдық жұмыс
Суретке қарап зат есімдерді атау, сұрақ қою, көпше түрде айту: бала, кітап, дәптер, орындық, мұғалім, оқушы, тақта т.б.
Мысал: кім? — бала; кімдер? — балалар.
Қорытынды: көпше түр көптік жалғаулары арқылы жасалады.
5) Ойын: «Тез тауып, бөгелмей айт»
Берілген сөздерден зат есімдерді тауып ажырат: жел, ойнады, күлкі, күн, палуандар, радио, бес, тапсырма, әже, сандық, қызыл.
6) Танымдық тапсырма
Көрсетілген көптік жалғауларын (-лар, -лер, -дар, -тар) жалғауға болатын сөздерді тауып жаз.
7) Терме диктант
Үнтаспадан жұмбақ тыңдалады. Тапсырма: шешуін табу, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу, зат есімдерді түрлеріне қарай ажырату.
Жұмбақ:
Жүреді мұхиттарда,
Балық деме.
Жаны бар,
Сияқты бір алып кеме.
Жауабы: кит.
8) Өз бетінше жұмыс
Берілген сөздерге -шы, -ші жұрнақтарын жалғап жаз: сурет, ән, егін, дойбы, мал. Жасалу жолына қарай қандай зат есім екенін анықта.
Қорытынды
Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған сөздер туынды зат есім деп аталады.
9) Шығармашылық тапсырма
I топ
Берілген сөздерді пайдаланып мақал құрастырып жаз: азбайды, тозбайды, білім, ақыл; аты, өлмейді, хаты, жақсының, ғалымның.
II топ
қ, а, б, т, с, ы, л әріптерін пайдаланып сөз ойлап жаз.
III топ
Мамандық атауларын, көкөніс атауларын, туыстық атауларды топтап жаз.
Рефлексиялық-бағалау кезең
10) Білімді бекітуге арналған тест
-
1. Зат есім дегеніміз не?
- а) Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздер
- ә) Заттың атын білдіретін сөздер
- б) Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер
-
2. Туынды зат есімді тап.
- а) ауыл
- ә) күйші
- б) көл
-
3. Көптік жалғаулы зат есімді тап.
- а) кітап
- ә) гүл
- б) доптар
-
4. Жалқы есімді тап.
- а) сурет
- ә) Қарағанды
- б) анам
-
5. Жалпы есімді тап.
- а) Жаннұр
- ә) қызғалдақ
- б) сағат
-
6. Зат есімдер тобын тап.
- а) кең, ақшыл, тұщы
- ә) ағаш, орман, жаңғақ
- б) ұшты, көктеді, тербеледі
Тексеру
Тест жауаптары кодоскоп арқылы тексеріледі.
Бағалау
Оқушылар өзін-өзі бағалау парағы бойынша жинаған ұпайына сай бағаланады. Әр тапсырмаға 5 ұпай беріледі.
Үй тапсырмасы
- 292-жаттығу: жазып келу, зат есімдерді табу.
- «Оқу» түбіріне қосымша жалғап бірнеше зат есім құрастыру және талдау жасау.
- Шешуі зат есім болатын жұмбақ құрастырып жазып келу.
Ескерту: материалдың толық нұсқасын қажет болған жағдайда жүктеуге болады.