Әбіш Кекілбаевтың алғашқы ұстазы кім

Сабақтың тақырыбы

Маңғыстаулық ұлы тұлға (Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдығына орай)

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық мұрасының құндылығын ұғындыру, өз көзқарасы мен ой-пікірін қалыптастыру, сондай-ақ жазушы еңбектерін жүйелі түрде таныту.

Білімділік

  • Әбіш Кекілбаевтың халық үшін жазған шығармаларының рухани-маңызды қырларын түсіндіру.
  • Мәтінмен жұмыс барысында дәлелді ой айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік және дамытушылық

  • Салт-дәстүрді, мәдени мұраны қастерлеуге тәрбиелеу.
  • Ойлау белсенділігін арттырып, логикалық тұрғыда нақты әрі дәл жауап беруге үйрету.
  • Оқығанын салыстыру, талдау, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі

Тірек-сызба, «Шыңға өрлеу» деңгейлік тақтасы, жазушы өміріне арналған хронологиялық кесте.

Сабақтың түрі мен әдістері

  • Түрі: сын тұрғысынан ойлау.
  • Әдістері: сұрақ-жауап, ізденіс, зерттеу, ой-толғаныс, сауалнама.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық жүргізіледі. Жаңа сабақта негізгі мақсат — Әбіш Кекілбаевтың тұлғалық ұлылығын танып, оның рухани-шығармашылық биігіне ұмтылу екені айқындалады.

Қызығушылықты ояту

Ә. Кекілбаевтың өмірі — ойы мен қыры мол, күрделі де терең әлем. Оның тарих төріндегі орны ерекше: оқырманын өзіне тартып, қайта-қайта ойға жетелейді.

Төл әдебиетімізді игеруге, туған жер әдебиетін танып-білуге бастайтын жолдың бірі — осы тұлғаның мұрасын зерделеу. Әбіш ағаның қиял-ойы шексіз терең: оның «мұхитына» бойлаған сайын ойға ой, сезімге сезім қосылады.

II. Топқа бөлу және «Ой шақыру» стратегиясы

Сынып екі топқа бөлінеді: I — «Ұлағат», II — «Шапағат». Жылдам ойлау қабілетін дамыту үшін «миға шабуыл» әдісі қолданылады. Әр топқа сұрақтар қойылады.

I-топ: «Ұлағат»

  1. Ә. Кекілбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
  2. Еңбек жолын қандай қызметтен бастады?
  3. Қаламынан туған шығармаларын атаңыз.
  4. Әбіш Кекілбаевтың алғашқы ұстазы кім?

II-топ: «Шапағат»

  1. Ұлы тұлға туралы не білесіз?
  2. Әбіш Кекілбаев қандай марапаттарға ие болды?
  3. Жазушының жарық көрген кітаптарын атап шығыңыз.
  4. Ә. Кекілбаев қай жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі?

III. «Топтастыру» стратегиясы

Қызығушылықты күшейтіп, ойды қозғау мақсатында «топтастыру» стратегиясы арқылы жазушыға мінездеме беріледі. Мұғалім шолу ретінде қаламгердің өскен ортасы, балалық шағы, білім алу жолы, әдеби және қоғамдық қызметінің бастапқы кезеңдерін баяндап, әңгіме өзегін құрайды.

Қолданылатын құрал: жазушы өміріне арналған хронологиялық кесте.

IV. Мағынаны тану

Бұл кезеңде оқушылар өздігінен жұмыс істейді: алған білімін іс жүзінде қолданып, ой қорытады, дәлел келтіреді, тұжырым жасайды.

V. «Шыңға өрлеу» ойыны (деңгейлік тақтамен жұмыс)

  1. «Шыңырау» повесінің басты тақырыбы қандай?
  2. Жазушының романдарын атаңыз.
  3. Жазушының өз өмірін көз алдымызға әкелетін шығармасы қайсы?
  4. Жазушының шешесі азан шақырып қойған аты қандай?
  5. Ә. Кекілбаев қандай газеттерде қызмет етті?

Жаңа сабақты пысықтау: «Естеліктер сыр шертеді»

Жазушы шығармашылығын таныстыруда онымен қызметтес болған, бірге өсіп, бірге оқыған жандардың естеліктері ерекше рөл атқарады. Мұндай деректер ұлылықтың қыры мен сырын ашып, бүгінгі жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтетін үлгі-өнегенің, тәрбиелік қазынаның бірі болып саналады.

VI. Ой толғаныс

«Маңғыстаулық ұлы тұлға» тақырыбына шағын шығарма жазу немесе өлең құрастыру.

VII. Қорытынды бөлім

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Әбіш аға — тамырын тереңге жайған алып бәйтерек, тұғырлы ұлы тұлға. Оның еңбектері ұлтымызға, мәдениетімізге ұзақ ғасырлар бойы рухани азық болып келеді.

«Әуелесін, қалқысын,
От жалын боп шалқысын.
Жылап, жырлап жүргенде,
Арттағыға сөз қалсын», — деп Абай айтқандай, Әбіш Кекілбаевтың әрбір қазақ қызыға оқитын, атын мәңгілік өшірмейтін рухани мұрасы бар.

Қорытындыдан кейін: бағалау.