Шешен жігіт сөз бастар, Батыр жігіт
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Тулегенова Гулаим — бастауыш сынып мұғалімі
Атырау облысы, Индер ауданы, Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы атындағы орта мектеп
Сабақ тақырыбы
Сөз және оның мағынасы (омоним сөздер)
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер туралы түсінік беру; жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту; сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік
Қазақ тілінің сөз байлығын таныта отырып, ана тіліне құрмет сезімін арттыру.
Дамытушылық
Өзіндік жұмыстар арқылы ой-өрісті кеңейту; шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілін дамыту.
Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдер және көрнекілік
Пәнаралық байланыс
- Әдебиеттік оқу
- Өзін-өзі тану
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Баяндау
- Талдау
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Кестелер
- Интерактивті тақта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
- Психологиялық дайындық (өлең жолдары арқылы).
- Сыныпты 3 топқа бөлу.
Психологиялық дайындық
Армысың, алтын Күн!
Көгілдір көк аспан.
Бармысың, достарым!
Бас иемін сіздерге,
Білім берген біздерге,
Ұстаздарым — ардақты!
Ойын: «Адасқан әріптер»
Әр топ берілген әріптерден сөз құрастырып, жұмысын қорғайды.
I топ
м с и н и о н
II топ
м а н т о и н
III топ
м о н о и м
II. Үй тапсырмасын тексеру және қорытындылау
Жаттығу
249-жаттығу
«Ашық–жабық» әдісі
Төмендегі сұрақтар арқылы өткен тақырып пысықталады.
Қайталау сұрақтары
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (мысал келтір)
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не? (мысал келтір)
- Лепті сөйлем дегеніміз не? (мысал келтір)
- Сөз дегеніміз не?
- Антоним деген не?
- Синоним деген не?
- Омоним деген не?
Әдіс: «Кезектескен интервью»
Әр топ өткен сабақ материалдары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және жауап береді. Бұл тәсіл оқушылардың тыңдау, нақтылау және қысқа жауап беру дағдыларын нығайтады.
III. Жаңа сабақ
Әдіс: «Ойланамыз, табамыз»
Берілген сөздерге омоним, антоним, синоним нұсқаларын анықтау.
I топ
Омоним: жас …
Антоним: жас …
Синоним: жас …
II топ
Омоним: ер …
Антоним: ер …
Синоним: ер …
III топ
Омоним: үй …
Антоним: үй …
Синоним: үй …
Оқулықпен жұмыс
252-жаттығу: әр топ сөйлемдерді бөліп орындап, талдайды.
1-топ
Бірінші сөйлем
2-топ
Екінші сөйлем
3-топ
Үшінші сөйлем
Топтық жұмыс: «Ұйқасын тап»
Оқушылар берілген жолдардың ұйқасын тауып, мәнерлеп оқиды. Тапсырма сөйлеу мәдениетін және сөз мағынасын түсінуді күшейтеді.
1-топ
-
Ыстық та туып та,
Шыдамаймыз суыққа.
-
Ащы терім ақты,
Жеміс өсті тәтті.
2-топ
-
Халқың үшін жаның сал,
Қарғыс алма, алғыс ал!
-
Ақылсыздар ұқпайды,
Аққа қара жұқпайды.
3-топ
-
Еңбекші болсаң ерінбе,
Ауырдың өзін жеңіл де.
-
Сөздің де дұрысы бар,
бұрысы бар.
Қорытынды ой:
Әрдайым дұрыс әрі мәнерлі сөйлеуге дағдыланайық.
Сергіту сәті: «Бір әріптің ізімен»
Әр топқа бір әріп беріледі. Оқушылар сол әріпті қатыстырып сөйлем құрастырады.
1-топ
Ссс
2-топ
Ббб
3-топ
Шшш
Сабақты бекіту: «Жасырынған сөздер»
Мақсаты — ойын арқылы омоним сөздерді пысықтау. Оқушылар сөйлемдердегі жасырынған сөздерді табады (слайд арқылы).
- 1. … ұзын, ақылы қысқа.
- 2. Арман құстарға жем …
- 3. … сомың болғанша, … досың болсын.
- 4. Шешеннің сөзі ортақ, шебердің … ортақ.
- 5. Шешен жігіт сөз бастар, батыр жігіт … бастар.
IV. Кері байланыс
Оқушылар «Кері әсер парағын» толтырып, сабақ туралы қысқаша пікір білдіреді.
1-сұрақ
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2-сұрақ
Несімен ұнады?
3-сұрақ
Не үйрендім?
V. Үй тапсырмасы
254-жаттығу және тақырыпқа қатысты ережені қайталау.
VI. Бағалау және мадақтау
Оқушылардың жұмысы смайликтер арқылы бағаланады, белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.