Балаларды жол ережелерімен таныстыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Балабақша тәрбиешісі: Шолпан Жангожина
Тақырыбы
«Жол ережесін білесің бе?»
Мақсаты
- Балаларды жол ережелерімен таныстыру.
- Бағдаршамның үш түсін ажырата білуге және көшеге шыққанда өзін дұрыс ұстауға үйрету.
- Сақтыққа баулу, жол ережесін орындау дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
Кіріспе: өлеңмен бастау
Жалғайтын, достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Сабағымызды бастаймыз сәлемменен!
Іздену-ұйымдастыру кезеңі: саяхатқа дайындық
Бүгін бізде ерекше күн. Біз орманға саяхатқа шығамыз. Жол алыс болғандықтан, көлікпен барамыз. Ол үшін жұмбақтың жауабын табайық: қай көлікпен жолға шығамыз?
Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес — жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді.
Назар аудару
Жолға шықпас бұрын жол ережелерін еске түсіреміз. Себебі жолда әртүрлі жол белгілері кездеседі. (Ортаға кеудесіне белгі таққан балалар шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері.)
Ендеше, автобусқа жайғасайық. Қозғалдық! Сәт сапар!
Қалалық көше: бағдаршам ережесі
Біз қазір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыстарында бағдаршам болады. Бағдаршамның қай түсі жанғанда автобусымыз тоқтауы керек?
Көрініс: «Көшедегі жол ережесі»
- 1 бала — Бағдаршам
- 1 бала — Жедел жәрдем
- 2 бала — Жеңіл көлік
- 4 бала — Жолаушы
- МАИ қызметкері
Қиылыста көліктер жүріп жатыр. Жолаушылар бағдаршамға қарап, күтіп тұр. Дәл осы сәтте жедел жәрдем көлігінің дабылы естіледі.
Тәрбиешінің сұрақтары
— Балалар, мынау қай көліктің дауысы?
— Енді қай көлікті бірінші өткіземіз?
— Неге?
Қорытынды: жедел жәрдем көлігін бірінші өткізу керек, себебі олар адам өмірін құтқаруға асығады.
Ереже: Бағдаршамға бағынбай жүгіріп өтуге болмайды. Мұндай жағдайда МАИ қызметкері тоқтатып, ескерту жасайды.
Жол белгісі: жануарлар туралы ескерту
Сапарымызды жалғастырайық.
— Балалар, жүргізуші неге жүрісін баяулатты?
— Белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?
Егер «Жануарлар» ескерту белгісі тұрса, демек біз орманға да жақындадық. Көліктен түсіп, әрі қарай жаяу жүрейік.
Ормандағы көрініс: Аю мен Қонжық
Әне, қараңдар! Аю мен Қонжық келе жатыр.
Аю
Көшеден өтерде әуелі сол жаққа, содан соң оң жаққа қарау керек. Әйтпесе, машина басып кетеді.
Қонжық
Жоқ, мен оңға да, солға да қараймын. Апай бізге көшеден өткенде бағдаршамға қараңдар деген.
Аю: Ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.
Тәрбиеші балалармен бірге тоқтап, Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керектігін түсіндіреді.
Маңызды түсіндіру
Бағдаршам жоқ кезде жаяу жүргінші өткелінен өту керек. Ол «зебра» деп те аталады — жолға салынған жолақты белгі.