Уақыттың өлшем бірліктері

Сабақ тақырыбы

Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. (Математика, 2-сынып)

Бөлімдік мазмұн: «Жылдың әр мезгіліндегі туған өлкемнің табиғаты».

Оқу мақсаттары

2.1.3.5

Циферблат бойынша уақытты анықтау (сағат және минут).

2.1.3.4

Шамалар мәндерін және өлшем бірліктерін салыстыру, амалдар орындау: ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц), көлем/сыйымдылық (л), уақыт (сағ, мин, ай, жыл).

2.1.3.3

Шамалармен (ұзындық, масса, көлем, уақыт) байланысты атаулы сандарды салыстыру және амалдар орындау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Циферблат бойынша уақытты анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Уақыт өлшем бірліктерін ажыратады.
  • Өлшем бірліктерінің арақатынасын анықтап, салыстырады.

Кейбір оқушылар

  • Білімін сыныптастарына түсіндіреді.
  • Оқулықтан тыс ресурстарды пайдаланып, мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері

Уақыт және циферблат

  • Уақытты анықтау үшін циферблатты қолданады.

Сандар және өлшем бірліктері

  • 12-ге дейінгі сандарды рим цифрларымен таңбалайды және оқиды.
  • Шамалардың арақатынасын пайдаланып, атаулы сандарды салыстырады.
  • Атаулы сандармен қосу және азайту амалдарын орындайды.

Ресурстар

Оқулық Суреттер Стикер-жапырақтар Слайд «Білім ағашы» Бейнеролик Смайликтер Бағалау парағы Номиналды ақша Плакат

Әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл
«Өнер және білім орталығы»
«Ең үздік уақыт»
«Шығарып көр»
«Ойлан — жұптас — бөліс»
«Білемін — түсінемін — қолданамын»

Пәнаралық байланыс және сабақ форматы

Пәнаралық байланыс

Музыка, тарих, көркем еңбек, әдебиеттік оқу.

Сабақтың типі

Жаңа білімді игеру.

Жұмыс формасы

Топтық, жұптық, ұжымдық және өзіндік жұмыс.

Алдыңғы сабақ

Шамалар. Менің өлкемнің табиғаты.

Сабақ барысы

Басы

5 минут

1) Психологиялық тренинг (ұжымдық)

Қоңыраудың сиқыры —
Естіледі сыңғыры.
Достар, бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер.
Толтырайық шаттыққа
Дөңгеленген шеңберді.

2) Топқа біріктіру

Оқушыларды «Жыл мезгілдері» бойынша 4 топқа бөлу.

Қыс Көктем Жаз Күз

3) Миға шабуыл (сөзжұмбақ арқылы)

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты анықтау үшін сұрақтарға жауап беру:

  • 24 сағат неге тең?
  • Уақытты қандай құрал арқылы анықтауға болады?
  • Ең қысқа ай қайсы? Неліктен?
  • 12 ай неге тең?
  • Күнделіктегі «жеті ағайын» дегеніміз не?

Қорытынды: бүгінгі тақырып — «Уақыт. Уақыт өлшем бірліктері».

Ортасы

25 минут

Білу және түсіну (6 минут): постермен жұмыс

Топтық жұмыс «Өнер және білім орталығы» форматында ұйымдастырылады:

1-топ

Желтоқсан айының күнтізбесі.

2-топ

Апта (күн атаулары, реттілігі).

3-топ

12 айдың аттарын рим цифрларымен белгілеу және күн санын жазу.

4-топ

Жыл мезгілдері.

Мұғалімнің кері байланысы: жұлдызшалар арқылы мадақтау.

Қолдану: «Ең үздік уақыт»

Өзіндік жұмыс. Дәптермен жұмыс: 46-бет, №2.

Қалыптастырушы бағалау: орындау барысына қарай қолдау көрсету, нақты кері байланыс беру.

Талдау: «Шығарып көр»

Дәптермен және тақтамен жұмыс: 47-бет, №4 және №5.

№4 тапсырма

Оқулықтағы есепті ең жылдам оқушы орындатады (жұмыстың дұрыс орындалуына назар аудару).

№5 тапсырма

«Ойлан — жұптас — бөліс» әдісімен орындау. Тапсырма соңында кері байланыс ұйымдастыру.

Бағалау: оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай жүйелі түрде бағалап отыру.