Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау
Сабақтың мақсаты
Оқу мақсаттары
- Ү әрпі мен дыбысымен таныстыру.
- Ү дыбысы бар сөздерді буындап оқуға үйрету.
- Ү және Ұ дыбыстарын ажырату, дұрыс оқу және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
- Ойлау дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік мақсат
Табиғатты сүюге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, орыс тілі.
Сабақтың әдістері мен көрнекілігі
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Салыстыру
- Венн диаграммасы
- Топтау стратегиясы
- Еске түсіру
- Дамыту
Көрнекіліктер
- Буын құрастыруға арналған кеспе әріптер мен буындар.
- Суреттер: үкі, үйрек, үй.
- Ұ және Ү әріптерінің баспа және жазба түрлері.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа даярлау, оқу құралдарын парта үстіне қойғызу.
- Күннің ретін айтып, тақтаға жазу.
- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
2) Жаңа сабақ: «Ү» дыбысын ашу
Тақтаға үкі суретін іліп, кеспе әріптер арқылы ҮКІ сөзін құрастырамын. Сөзді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасатамын: оқушылар бұл сөзде 3 дыбыс, 3 әріп, 2 буын бар екенін айтады.
Таныс дыбыстар: К және І. Жаңа дыбыс: Ү.
Негізгі ой: дыбысты естиміз және айтамыз, ал әріпті көреміз және жазамыз.
Ережелерді еске түсіру (сұрақ-жауап)
- Дыбысты естиміз және оқимыз.
- Әріпті көреміз және жазамыз.
- Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар.
- Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді.
- Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
3) Топтау: «Ү» дыбысына буын құрастыру
Берілген дауыссыз дыбыстарды пайдаланып, Ү дыбысымен буын құрамыз:
Құрастырылған буындарды хормен оқимыз.
4) Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Жаттығу жасап осылай,
Үлкен болып ертең шығамыз.
5) Венн диаграммасы: «Ұ» және «Ү» дыбыстарын салыстыру
«Ұ»
Жуан дауысты дыбыс.
Ортақ белгі
Ү және Ұ дыбыстары — қазақ тіліне тән дыбыстар.
«Ү»
Жіңішке дауысты дыбыс.
Орыс тілінде 33 әріп болса, қазақ тілінде 42 әріп бар. Сондықтан қазақ тілі — бай тіл.
6) Сурет бойынша жұмыс: сөз мағынасы
Үкі
Үкі — қазақ халқы үшін қасиетті құс. Оны қастерлеп, жоғары іліп қояды. Үкісін бас киімге тағады, бесіктің басына, домбыраның құлағына, бәйгеге қосылған ат пен тайдың маңдайына тағады.
Үйрек
Үйрек — үй құсы.
Үй
Үй — баспана.
7) Оқулықпен жұмыс: оқу, түсіну, талдау
- Ү дыбысы бар сөздерді буындап оқу, мағынасын түсіндіру.
- Жұмбақты оқып, жауабын табу.
- Қарлығаш — адамның досы, табиғат байлығы. Құстарды қорғау — басты міндет.
8) Бекіту және жазылым
Сергіту сәті (жазуға дайындық)
Бір, екі, үш —
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемілеп жазамыз.
Дәптермен жұмыс
Ү әрпінің жазба түрінің бас және кіші әрпін дәптердегі үлгі бойынша жазу.
Өздік жұмыс: сөйлеммен жұмыс
Қайталау сұрақтары
- Біз тақтаға не жаздық?
- Сөйлем неден құралады?
- Бұл сөйлемде неше сөз бар?
- Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады?
Оқушылардан сұрақтарға толық жауап беру талап етіледі.
Қорытынды
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін қандай дыбыс және әріппен таныстық?
- Ү қандай дыбыс?
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.