Мұқағали МақатаевСелк етіп, секем алып қарадың - ау, Қай таудың киігі едің, қарағым - ау
Мұқағали Мақатаев
Селк етіп, секем алып қарадың - ау,
Қай таудың киігі едің, қарағым - ау!?
Төбеңде шыр айналып бала қыран,
Мүйісте мергені бар қала мынау.
Сондықтан секем алып қарадың - ау.
Кел, Менің қасыма кел, қасыма кел,
Жеңдіріп үрейіңді, басыла гөр,
Сұлулыққа сұқтанған жат көздерден,
Жалт еткен жанарыңды жасыра бер.
Панала,
Қасыма кел, касыма кел.
От - суы, отауы ырғын жатқан қырдан,
Нендей күш сені мұнда аттандырған?!
Абайлап, адымыңды сақтандырған,
Бұл маңға несін келдің қақпан құрған
Арман ғой сені мұнда аттандырған?!
Үмітің, арманың да бәрі қалып,
Ауылды ойлап құр бекер налымалық.
... Жеткізіп тастайын ба тауыңа алып,
Құныңды, құралайым, таны барып.
Қарағым - ау, қай таудың киігі едің?!
Сыртыңнан қараймын да, сүйінемін.
Ғайып болып қай жаққа баратырсың,
Әлде бір домбыраның күйі ме едің?!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Қазақ өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы (М.Мақатаев, К.Мырзабеков өлеңдері негізінде)
Жұматай Жақыпбаев шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұқағали Мақатаев
Түркі халықтарындағы әйел болмысының тарихи қалыптасуындағы ерекшеліктерін айқындап, бүгінгі күнгі қыз бала тәрбиесінде қолдану
Халықтық тіл- әдеби тілдің алғашқы бастауы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
Төлеген сөз жоқ талант
Ақын поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Аудиторлық қауіп