Салалас құрмалас жасалуы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Құрмалас сөйлемді қайталау

Түрі

Қайталау сабағы

Типі

Аралас сабақ

Әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндірмелі әдіс

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, музыка

Көрнекіліктер

Қазақтың ұлттық музыка аспаптарының суреттері: домбыра, қобыз және т.б.

Сабақтың мақсаттары

Білімдік мақсат

Құрмалас сөйлем туралы білімді тереңдету, оның түрлерін ажырата білуге үйрету және оқушылардың теориялық сауаттылығын дамыту.

Дамытушылық мақсат

Шығармашылық жұмыстар арқылы сөйлеу тілін дамыту, өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсат

Ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту және пәнге қызығушылықты арттыру.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Оқушылардың назарын сабаққа жұмылдыру

2) Үй жұмысын тексеру

Үйге «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына эссе жазып келу тапсырылған. Бірнеше оқушы мәтінді оқиды, кейін мәтіндегі жай сөйлем түрлеріне қысқаша талдау жасалады.

3) Жаңа сабақ (қайталау)

Бүгінгі сабақта құрмалас сөйлем тақырыбын жүйелі түрде қайталаймыз және түрлерін ажыратуды бекітеміз.

Сұрақ-жауап

  1. Сөйлем деген не?
  2. Құрмалас сөйлем деген не?
  3. Құрмалас сөйлемнің түрлері қандай?
  4. Салалас құрмалас сөйлем деген не?
  5. Сабақтас құрмалас сөйлем деген не, оның түрлері қандай?
  6. Аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Тарихи-тілдік байланыс

Құрмалас сөйлем және оның түрлері көне түркі ескерткіштерінде де кездеседі. Біздің арғы тегіміз көне түркі дәуірінен бастау алады. Орхон жазулары туралы не білеміз? Түркілердің негізгі мекені қай жер? Түркі тілдес халықтарды атаңдар.

Орхон–Енисей жазбаларындағы жіктелім

Орхон–Енисей жазбаларында құрмалас сөйлем салалас, сабақтас, аралас болып үшке бөлінеді.

Мысал (көне түркі тілінен)

Көне түркі тілінде

Қағаны алп ерті, айғучысы біліге ерті.
Ол қан йоқ болтуқда кесре, ел йітміш, ычғынмыш, қачышмыш.

Қазақ тілінде

Қағаны батыр еді, кеңесшісі білгір еді.
Ол хан жоқ болғаннан кейін, ел шетінеген, ыдыраған, қашқан.

Құрмалас сөйлемдердің байланысу тәсілдері

Интонация, жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі.

Ойын арқылы бекіту: 4 айналым

Сынып екі топқа бөлінеді: «Аламан» және «Жайдарман». Мақсат — «Алатаудың биік шыңына» бірлесе шығу: ол үшін төрт сатыдан өтеміз. Әр дұрыс жауап ұпай әкеледі, нәтижені әділқазылар алқасы белгілейді.

I айналым — «Көкпар»

Топ жетекшілері қоржыннан көрсетілген нөмірге сәйкес асық алады. Карточкадағы сұраққа топ мүшелерімен ақылдасып, 1 минут ішінде жауап дайындайды.

  • Ыңғайлас салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
  • Себеп–салдар салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
  • Қарсылықты салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
  • Түсіндірмелі салалас сөйлем деген не? (тыныс белгісі)
  • Талғаулы салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
  • Кезектес салалас сөйлем деген не? (жалғаулықтары, тыныс белгісі)
  • Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері
  • Шартты бағыныңқылы сабақтас: жасалуы
  • Көп бағыныңқылы сабақтас: түрлері
  • Мезгіл бағыныңқылы сабақтас: жасалуы
  • Бағыныңқы, басыңқы сөйлем дегеніміз не? Жасалу жолдары

II айналым — Ұлттық аспаптар (суретпен жұмыс)

Оқушылар ұлттық аспаптардың суреттерін қарап, домбыра, қобыз және т.б. туралы білетінін айтады. Қосымша сұрақтар: қобызды алғаш ойлап тапқан кім? Қорқыт ата қай дәуірде өмір сүрген?

Тыңдалым

Қасиетті қобыздың үніне құлақ түрейік (музыка тыңдалады).

Тапсырма: сөйлем мүшесіне талдау

  1. Адам туған тілін құрметтемесе, өзін де құрметтемейді.
  2. Ғалым болу міндет емес, білімді болу — парызың.
  3. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек.
  4. Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.

III айналым — «Сақина салу»

Ойын шарты түсіндіріледі. Ортаға екі топтан екі оқушы шығып, сақинаны жасырады. Жеңілген оқушылар берілген тест сұрақтарын орындайды.

IV айналым — «Кім жылдам?»

Екі топқа сөйлемдер оқылады. Тапсырма: құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін ауызша анықтау.

  1. Абай есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен айқын сәлем берді.
  2. Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды.
  3. Есжан туысымен, көп ұзамай күйеуі Тілеуқабыл қайтыс болды.
  4. Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
  5. Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен.
  6. Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.

Қорытынды және бағалау

Сабақты қорытындылау үшін бір оқушы ортаға шығып, Венн диаграммасын толтырады:

  • Салалас құрмаластың жасалуы
  • Сабақтас құрмаластың жасалуы
  • Ұқсастығы

1-топ: Интервью-тест — сабақтас құрмалас

а) Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? (астын сызу керек)

  • А) Жай сөйлемнің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас
  • Ә) Жай сөйлемдері өзара тең дәрежеде байланысады

ә) Сабақтас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? (тестте жоқ болса, өзің жазып толықтыр)

  • А) 3
  • Ә) 4
  • Б) 6
  • В) 7
  • Шартты: ____________________

б) Сабақтас құрмаласта жай сөйлемнің орналасу тәртібін белгіле

  • А) Бағыныңқы, басыңқы
  • Ә) Басыңқы, бағыныңқы

2-топ: Интервью-тест — салалас құрмалас

а) Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? (астын сызу керек)

  • А) Жай сөйлемнің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас
  • Ә) Жай сөйлемдері өзара тең дәрежеде байланысады

ә) Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? (тестте жоқ болса, өзің жазып толықтыр)

  • А) 3
  • Ә) 4
  • Б) 6
  • В) 7
  • Ыңғайлас: ____________________

б) Салалас құрмаласта сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгілері

  • А) Қос нүкте, үтір, сызықша
  • Ә) Ешқандай тыныс белгі қойылмайды

Тәрбие мәні және қорытынды сөз

Наурыз мерекесімен қатар келген апталығымызды жақсылықтың нышаны деп қабылдай отырып, биылғы жыл баршамызға құт-берекелі болсын. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Төрт сатыдан сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады.

Үй тапсырмасы

«Наурыз — жыл басы» тақырыбында ойтолғау жазып келу.

Бағалау

Оқушылардың білімі жинаған ұпайы мен жауап сапасына қарай бағаланады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}