Тәрбие сағатыТақырыбы

Ұмытылмас тарих, ұрпаққа аманат

Тарих үнемі жаңарып отырады. Дегенмен, ешқашан ескірмейтін, ұмытылмайтын кезеңдер бар. Солардың бірі — әлемді дүр сілкіндірген Екінші дүниежүзілік соғыс. Ұлы Жеңістің қасиеті мен батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігі халық жадында мәңгі қалуы тиіс.

Тарихи дерек

1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4:00-де Германия бейбіт жатқан елімізге тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні-ақ кең-байтақ елге, ауыл-селоға тарады. Ер азаматтар асығыс майданға аттанды, кейбірі өз еркімен сұранып кетті.

Қасиетті жеріміз бен тыныш өміріміз бұрын-соңды болмаған нәубетке ұшырады. Жауынгерлеріміз қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңіл келген жоқ — соғыс ондаған миллион адамның өмірін қиды. Бүгін біз сол сұрапыл күндерде мерт болған ерлердің рухына, сондай-ақ арамызда жүрген ардагерлерімізге бас иіп, тағзым етеміз.

Еске алу сәті

Ұлы Отаным, басымды иіп бір минут,
Есіме алам сол бір апат-қайғыны.

1 минут үнсіздік

Оқушылар үні: өлең жолдары

1-оқушы

Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.

2-оқушы

Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырды-ау ананы,
Әкесінен айырды-ау баланы.

3-оқушы

Ару қыздар — алаулап от кешкендер,
Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілікке ел есінде,
Ару қыздар — алаулап от кешкендер.

Би: «Жауқазын» Ән: «Менің Отаным»

Ерлік есімі — ел жадында

Әлия Молдағұлова

  • 1924 жылы Қобда ауданының Көкбұлақ ауылында дүниеге келген.
  • Екі жасында жетім қалып, ағасы Әубәкірдің тәрбиесінде өседі.
  • Кейін Санкт-Петербургте оқып, тұрмыс жағдайына байланысты балалар үйінде тәрбиеленеді.
  • Ерекше ұстамды, зерек болған.
  • Соғыс басталғанда небәрі 17 жаста еді.
  • Казачиха ауылы маңындағы ұрыста ерлікпен қаза тапты; 19 жасқа да толмаған болатын.

Сахналық белгі

Буклетпен жұмыс

Мәншүк Мәметова

  • 1922 жылы дүниеге келген.
  • Шын есімі — Мәнсия; анасы еркелетіп «Моншақ» деп атаған.
  • Соғысқа өз еркімен аттанғанда 19 жасқа енді толған, қайсар да жігерлі қыз еді.

Сахналық белгі

Буклетпен жұмыс

8-оқушы

Естідім-ау Жеңіс күнін,
Дүрілдейді көк пен жер.
Қуанышпен қағып гүлін,
Ойнақтайды қуанған ел.

9-оқушы

Жеңіс деген — жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұланы.

12-оқушы

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып, болашағыңа нық жүре бер!

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Тыныштыққа тілек, болашаққа сенім

13-оқушы

Тыныштық! Жаса, тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,
Көбейе берсін ырыс-құт.

14-оқушы

Бақытты болсын балалар,
Соғысты сүймес адамдар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.

Ән: «Атамекен» Би: «Қамажай»

Жеңіс — ақ арманның өтеуі

Күндер өтті күңіреніп, жылдар күтті:
Ана күтті, жетімек бала күтті.
Келді Жеңіс арқалап ақ арманды,
Миллиондаған құрбандықтың өтеуімен.

15-оқушы

Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді, алақай!
Тоя жейтін нан болып!

Құрмет сөз және тағзым

Енді Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп, соғыстың ащы шындығын өз көзімен көрген әжелерімізге сөз кезегін береміз.

Ән: «Әлия»

Қорытынды

Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қаны қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз. Ерлік — ұрпаққа үлгі, бейбітшілік — бәрімізге аманат.