Ақылды лақ ертегісін саусақ театры арқылы тамашалату
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Мақсаты
- Ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.
- Балалардың сөздік қорын молайту.
- Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
- Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
Сөздік және тілдік компонент
Қолданылатын көрнекі құралдар
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Сабақ «Шаттық шеңберінен» басталады. Балалар «Төрт түлік жырын» тыңдап, үй жануарлары туралы ойларын шоғырландырады.
«Төрт түлік жыры»
Шөре-шөре, шөлдедің бе, лағым,
Сонша неге елеңдейді құлағың?
Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,
Сен жыласаң, менің келер жылағым.
Кіріспе әңгіме (сұрақ-жауап)
- Балалар, өлең не туралы?
- Лақ қандай жануар?
- Неліктен оны үй жануары деп атаймыз?
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Жалпы сұрақтар
Үй жануарларына тағы қандай жануарлар жатады?
Олардың төлдерін тани аласыңдар ма?
1-тапсырма: «Адасқан төлдерді тап» ойыны
Дидактикалық кітапшамен жұмысБалалар қыстырғыштар арқылы үй жануарларына олардың төлдерін сәйкестендіріп қосады және төлдердің атауларын атайды.
Нәтиже: балалар жануар мен төлді ажыратып, дұрыс атауын айту дағдысын бекітеді.
Ертегімен таныстыру
Одан кейін тәрбиеші балаларға төлдер туралы «Ақылды лақ» ертегісін айтып береді. Ертегі саусақ театры арқылы көрсетіледі.
Сергіту сәті
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың.
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.
Секең-секең, ей лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ.
Тыныш тапсаң болмай ма,
Секірмей-ақ кей уақыт?
Мазмұнын бекіту
Тапсырмалар арқылы балалар ертегінің не туралы екенін анықтап, кейіпкерлерді ажыратады және өз ойларын жеткізеді.
2-тапсырма: «Ертегі кейіпкерлерін тап»
Балалар алдарындағы қораптағы жануарлар арасынан ертегі кейіпкерлерін тауып алады.
3-тапсырма: Жағымды және жағымсыз кейіпкерлер
Балалар кейіпкерлерді жағымды (жақсы) және жағымсыз (жаман) деп екі топқа бөліп, арнайы белгісі бар параққа жапсырады.
Әр бала неге олай бөлгенін қысқаша түсіндіріп, өз пікірін айтады.
Қорытынды
Сабақ барысында балалар үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін толықтырып, «Ақылды лақ» ертегісінің мазмұнын тыңдау және талқылау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытады.