Тармақталу операторлары

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Күрделі шарттар
Көрнекілік
Презентация, суреттер
Құралдар
Қима қағаздар, постерлер, маркерлер, стикерлер

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Күрделі шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде жүйелі қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

  • Дамытушылық

    Бағдарламалау тілінде жұмыс істей білу дағдыларын, логикалық ойлау қабілетін, өз ойын сауатты әрі дәл жеткізу мәдениетін, пәнге қызығушылықты дамыту.

  • Тәрбиелілік

    Оқушылардың белсенділігін арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге және өзара көмектесуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Тармақталу операторларының түрлерін және күрделі шарттардың программада жазылуын біледі.
  • Ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
  • Тыңдау мәдениеті дамып, өз ойын толық әрі анық жеткізе алады.

Сабақ кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Ынтымақтастыққа негізделген жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
  • Сабаққа назарын шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тақырып: Тармақталу операторлары. Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топ өз тапсырмасын плакатқа түсіріп, қорғап шығады.

I топ

Тармақталу операторлары туралы түсінік

II топ

Тармақталу операторларының блок-схемасы

III топ

Алгоритмдік тілде және Паскаль тілінде көрсету

Постермен жұмыс

Әр топ постерін таныстырып, сұрақтарға жауап береді.

Шаттық шеңбері

Оқушыларға шаттық шеңберінің ережесі түсіндіріледі. Оқушылар ортаға шығып, бір-бірінің қолынан ұстап, өзара жылы лебіздерін білдіреді.

Жаңа сабақ: Күрделі шарттар

Күрделі шарт — бірнеше қарапайым шарттан тұрып, және, немесе, емес қызметші сөздері арқылы біріктірілетін логикалық өрнек.

And (және)

And логикалық операциясы бар күрделі шарт екі шарттың екеуі де орындалғанда ғана ақиқат болады.

Or (немесе)

Or логикалық операциясы бар күрделі шарт кемінде бір шарт орындалса, ақиқат болып есептеледі.

Not (емес)

Not логикалық операциясы шарттың мәнін терістейді. Мысалы, A = 0 шартының терістеуі A ≠ 0 шартына тең.

Мысал: квадрат теңдеу

Мысал ретінде ax² + bx + c = 0 теңдеуінің (a ≠ 0) түбірлерін табатын программа құру қарастырылады.

I топ

Квадрат теңдеуді математикалық тәсілмен шешу жолын көрсетеді.

II топ

Квадрат теңдеудің блок-схемасын сызады.

III топ

Квадрат теңдеуді шешудің Паскаль тіліндегі бағдарламасын жазады.

Топтық жұмыс нәтижесі

Оқушылар тармақталу операторлары туралы білімін толықтырып, күрделі шарттардың есептерде қолданылуын бірлесе талдап, қорытынды жасайды.

Компьютермен жұмыс

ax² + bx + c = 0 (a ≠ 0) квадрат теңдеуінің түбірлерін табатын бағдарламаны компьютерде теріп, нәтижесін тексереді.

Сабақты бекіту

  1. 1 Тармақталу операторлары дегеніміз не?
  2. 2 Тармақталу операторының толымды түрі қандай?
  3. 3 Тармақталу операторының толымсыз түрі қандай?
  4. 4 Тармақталу операторында қолданылатын қатынас белгілері қандай?
  5. 5 Алгоритмдік тілде қандай түйінді сөздер қолданылады?
  6. 6 Паскаль тілінде күрделі шарттар қалай жазылады?