Даярлық кезеңі
Сабақтың тақырыбы
Рационал өрнектерді көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты
а) Білімдік мақсат
Рационал өрнектерді көбейту және бөлу ережелерін үйрету, сондай-ақ бұл ережелерді дұрыс қолдану дағдыларын дамыту.
ә) Дамытушылық мақсат
Ойын элементтері арқылы пәнге қызығушылықты арттыру; оқушылардың ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыс істеуін және логикалық сауаттылығын дамыту.
б) Тәрбиелік мақсат
Математика пәнін құрметтеуге баулу; ұйымшылдықты, жылдамдықты, мақсатқа ұмтылуды, өзіне сенімділікті және жауапкершілікті тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың типі
Меңгерген білімді практикада қолдану, өткен материалды жинақтау және проблемалық тапсырмалар арқылы бекіту.
Сабақтың әдістері
- Түсіндірмелі-көрсетілімді әдіс
- Сұрақ-жауап
- Өз шешімдерін ұсыну
- Талдау
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Тапсырмалар жазылған карточкалар
- Кроссворд
- Қағаз жапырақтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа психологиялық дайындық жүргізіліп, сыныптың жұмысқа дайындығы тексеріледі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй жұмысы интерактивті тақта арқылы тексеріледі. Бөлшектер туралы өткен білімді қайталап, жаңа үйренген тұжырымдарды нақтылай отырып, бүгінгі сабақта «көктем ағашын отырғызу» ойыны қолданылады.
Ағаштың көктеп, әдемі әрі биік болып өсуі — сендердің сабаққа белсенді қатысуларыңа байланысты. Барлығың белсенділік танытасыңдар деп сенемін.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақ 4 кезеңнен тұрады.
1. Даярлық кезеңі
Ауызша жаттығулар орындау.
Тапсырма
1) Бөлшекті қысқартыңдар.