Орфография - сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы
Сабақтың тақырыбы
Орфография мен орфоэпия.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушылардың грамматикадан меңгерген ережелерін ойындар арқылы қайталап, бекіту.
- Сөздердің айтылу және жазылу нормаларымен таныстыру, мысалдар арқылы дәлелдеу.
Дамытушылық
- Жауапты жылдам табуға үйрету, тапқырлықты дамыту.
- Жаттығулар арқылы мағынаны таныту.
- Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік
- Тіл дамыту жұмыстарын жүйелі әрі қызықты ұйымдастырудың тиімділігін сезіндіру.
- Ұқыптылыққа, таза әрі сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
Баяндау, талдау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, математика.
Көрнекіліктер
Плакаттар, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық сәт.
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Балалығым, бақытым, қазақ тілім!
Осы жолдармен сабағымызды бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Семантикалық картамен жұмыс
Үлгі: «Бұлақ» сөзін дыбыстық ерекшеліктеріне қарай талдау (дауысты/дауыссыз, жуан/жіңішке, ашық/қысаң, еріндік/езулік, қатаң/ұяң/үнді).
| Сөз | Талдау бағыттары |
|---|---|
| Бұлақ | Дауысты/дауыссыз, жуан/жіңішке, ашық/қысаң, еріндік/езулік, қатаң/ұяң/үнді |
2) Венн диаграммасы
Дауысты дыбыстар
Ерекшеліктерін, түрлерін, мысалдарын жазыңдар.
Дауыссыз дыбыстар
Ерекшеліктерін, түрлерін, мысалдарын жазыңдар.
3) «Кәсіподақ» сөзінің дауыстыларын математикалық тәсілмен талдау
Дауысты дыбыстар санын, түрін (жуан/жіңішке, ашық/қысаң, еріндік/езулік) жүйелеп көрсетіңдер.
III. Жаңа сабақ
Түсіндірме диктант
Көкжиек, торы ала ат, жұлдыз, құндыз, Жанқожа, шекара, Жанболат, Бөгенбай, Жанпейіс, қара ағаш, қанды ағаш.
Орфография мен орфоэпия
Негізгі ұғым
Қазақ тілінде сөздердің жазылу және айтылу заңдылықтары бар.
- Орфография – сөздердің дұрыс жазылу нормалары.
- Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу нормалары.
Маңызды ереже
Дыбыс үндестігі — орфоэпияның негізгі нормаларының бірі. Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сондай-ақ сөз бен сөз аралығындағы дыбыстар бір-біріне үндесіп айтылуы керек.
Ілгерінді ықпал (жазылуы → айтылуы)
| Жазылуы | Айтылуы |
|---|---|
| Көрікбай | Көрікпай |
| Көк гүл | Көк күл |
| Қас жау | Қаш жау |
| Ашса | Ашша |
| Ішсе | Ішше |
| Қашса | Қашша |
| Ала көз | Ала гөз |
| Алып бер | Алып пер |
| Тоқ бала | Тоқ пала |
Кейінді ықпал (жазылуы → айтылуы)
| Жазылуы | Айтылуы |
|---|---|
| Жанболат | Жамболат |
| Кек алу | Кег алу |
| Қара ала | Қарала |
| Сақ адам | Сағ адам |
| Он бес | Ом бес |
| Есенбай | Есембай |
| Көп бала | Көп пала |
| Тоқ екен | Тоғ екен |
Жаттығу жұмыстары
338-жаттығу
Бозша торғай
бошша торғай
Бозшағыл
бошшағыл
Бой алдыру
бойалдыру
Бой түзету
бойтүзету
Бойкүйездік
бойкүйестік
Жүріскер
жүрісгер
Жүрек айну
жүрег айну
Қаз табан
қас табан
Қайнар көз
қайнар гөз
Қайнар бұлақ
қайнар бұлағ
Қайтара айту
қайтарайту
Сап болу
сап полу
Сарала қаз
сарала ғаз
339-жаттығу
Жылан гөз
жылан көз
Жыланғұрт
жыланқұрт
Қайқаяқ
қайқы аяқ
Қайран ғалу
қайран қалу
Қайыр ғош
қайыр қош
Қақ пөлу
қақ бөлу
Саптаяқ
саптыаяқ
Сарауыз
сары ауыз
Сегіз ғанат
сегіз қанат
Тапсырма
- Сөздердің орфоэпиялық нормасын сақтап жазыңдар.
- Сөздердің орфографиялық нормасын сақтап жазыңдар.
Сергіту сәті: жұмбақтар
1) Фонетикалық екі ұғым, бірімен-бірі сыбайлас. Бірі айтылады да естіледі, екіншісі жазылады да көрінеді.
Жауабы: дыбыс, әріп.
2) Бір ағашта отыз жеті алма. Оны жемек болсаң, он шақтысы еркін өтіп кетеді, қалғандары қақтығысып барып өтеді.
Жауабы: дауысты және дауыссыз дыбыстар.
3) Оңға қарай оқысаң да бір халық, солға қарай оқысаң да бір халық. Бір буыным – құс, бір буыным – түс.
Жауабы: Қазақ.
Тапсырма: «Өнерпаз» сөзіне фонологиялық сатылай кешенді талдау
- Өнерпаз — аралас буынды сөз.
- Буынға бөлу: Ө-нер-паз.
- Тасымал: бір жағдайда тасымалданады — өнер-паз.
- Екпін: -паз буынындағы а дауысты дыбысына түседі.
- Дыбыс үндестігін анықтау.
IV. Білімді бекіту
1) Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді табыңыз:
- A) жұлын
- B) құман
- C) жұлұн
2) Қай сөз орфографиялық нормаға сай жазылған?
- A) Біріңғай
- B) Жанқожа
- C) Жанпейіс
3) Сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды табыңыз:
- A) Менің қазақ тілін үйренгім келеді.
- B) Менің сұрағаным бола қоймады.
- C) Су айнадай тап-таза екен.
4) Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз:
- A) хайуан
- B) тайаныш
- C) жиналыс
5) Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз:
- A) күндүз
- B) Сарыағаш
- C) кемеңгер
V. Қорытынды
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
VI. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
Ережені оқу; 340 және 341-жаттығулар.