Мектептегі мұғалім, Кем болмайды анаңнан

Кіріспе сөз (Мұғалім)

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар!

Бүгін егемендігіміз еңселеніп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жеткен шақта — Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы мерекеленіп жатқан кезеңде — сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ.

Кеше ғана алаңсыз ойнап, атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларына жауапкершілік ұялатып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, тағы бір жасқа есейіп отыр.

Тілек: Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын!

Сахналық көрініс

Төмендегі үзінді — мектепке алғашқы қадам, үлкеннің ақылы мен баланың талпынысын бейнелейтін диалог.

Динара

Алты жасар баласын,

Алпыста әжей жетектеп,

Келе жатыр көшеде:

«Қайда әлгі мектеп?» — деп.

Алпыс келеді сүрініп,

Алты келеді жүгіріп.

Бала

Апар, ана, мектепке —

Ата-аналық парызың.

Оқып білім аламын,

Мен оқушы боламын.

Әже

Асықпа әлі, қарағым,

Санауға енді жарадың.

Жасың толсын алтыға,

Сонда алып барамын.

Бала

Менің қарыс маңдайым,

Балаң болам талапты.

Тәртіп сақтап әрдайым,

Жақсы оқимын сабақты.

Әже

Айтқанымды, шырағым,

Шығарма тек санаңнан:

Мектептегі мұғалім

Кем болмайды анаңнан.

Бала

Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып.

Қарсы алды ұстаз мейіріммен,

Қадамымды құп алып.

Ремарка

Осы кезде музыка ойнап, барлық оқушы сахнаға шығады.