Келер шақ

Қазақ тілі 7-сынып Аралас сабақ

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Мақсатты келер шақ

Бұл сабақта оқушылар келер шақтың мағынасын қайталап, мақсатты келер шақтың жасалу жолын меңгереді және оны ауызша, жазбаша тілде қолдануға үйренеді.

Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер

А) Ақпараттық

Ақпарат көздері арқылы келер шақтың ережесін және мақсатты келер шақтың жұрнақтарын толық меңгерту.

Ә) Коммуникативтік

Оқушыларды адамгершілікке баули отырып, алған білімін ауызша және жазбаша тілде сауатты қолдануға қалыптастыру.

Б) Проблеманы шешу

Тақырыпты меңгертуге арналған тапсырмалар мен жаттығуларды өз бетінше орындауға дағдыландыру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру

Педагогикалық технологиялар

Білім беруді ізгілендіру, дамыта оқыту, СТО

Көрнекілік

Оқулық, кестелер

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ережелерді жаттау. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.

  • Сөйлеп тұрған сәтте болып жатқан қимыл — осы шақ.
  • Әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимыл — келер шақ.
  • Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимыл — өткен шақ.

III. Өткенді қайталау арқылы жаңа материалға дайындық

Оқушылар, біз алдымызға мақсат қойғанда, сол іс-әрекеттің болашақта орындалуын қалаймыз. Мысалы:

Келер шақ

Мен мектепке барамын.

Бұл сөйлемде іс-әрекет болашақта орындалатыны жалпы түрде айтылады.

Мақсатты келер шақ

Мен мектепке бармақшымын.

Бұл сөйлемде мақсат қойылып, жоспарланған іс-әрекет білдіріледі.

IV. Жаңа материалды меңгерту

Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.

Мақсатты келер шақ етістіктің түбіріне -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы қосылуы арқылы жасалады.

бар + мақ + пын

Мысалы: Мен ауылға бармақпын.

V. Жаңа білімді бекіту

121-жаттығу

Мәтінді оқып, мақсатты келер шақты табыңдар және оның қалай жасалғанын түсіндіріңдер. Келер шақ тұлғасындағы етістіктерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Етістік Жасалу жолы Түбірі, түрі
Үйренбек -бек жұрнағы арқылы үйрен — салт етістік
Саумақ -мақ жұрнағы арқылы сау — салт етістік
Болмақ -мақ жұрнағы арқылы бол — салт етістік
Шашпақ, ашпақ -пақ жұрнағы арқылы шаш, аш — салт етістік
Кетпекші -пек, -ші жұрнақтары арқылы кет — салт етістік

122-жаттығу

Берілген етістіктерді жіктеп, сөйлем құраңдар: шаш, оқы, сөйле, қайт.

Мақсатым — тіл ұстартып, өнер шашпақ.

Мен бүгін сабақ оқымақшымын.

Ол сахнаға шығып сөйлемекші.

Біз бірге қайтпақшымыз.

123-жаттығу

Өлеңді оқып, жағымды және жағымсыз мағынада айтылған сөздерді ажыратып жазыңдар.

Жағымды

тумақ, келмек, қалмақ, өзгермек, ермек, жеңбек, таппақ, жүрмек

Жағымсыз

қартаймақ, өлмек

1-тапсырма

Тиісті жұрнақтармен тіркестіріп жазыңдар: -мақ/-мек, -пақ/-пек, -бақ/-бек, -шы/-ші, -мас/-мес.

Бармақшы, алмақшы

Келмекші, бермекші

Бармас, алмас

Бермек, келмек

Үйренбек, сенбек

VI. Үйге тапсырма

Ережелерді жаттау.

VII. Бағалау және қорытынды

Оқушылардың жұмысы бағаланып, сабақ қорытындыланады. Баға күнделікке қойылады, келесі сабаққа дайындық бағыттары айқындалады.