Өрнектің түрлерін ата
СҚО, Шал ақын ауданы • Жаңажол орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Габдуллина Гаухар Кажгалиевна
Сабақ тақырыбы
Өрнектер: a + 9, a − 9, a − 0, a + 0
Сілтемелер мен дереккөздер
- Оқулық
- Сабақ жоспары және орта мерзімді жоспар
- Слайдтар, бейнематериалдар
Жалпы мақсат
- Қосу және азайту амалдары арқылы есептер шығарту, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
- Білімді тереңдету, жүйелеу және математикалық тілде сөйлеу дағдысын арттыру.
- Пәнге қызығушылықты ояту; сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Негізгі идеялар
Білімді жүйелеу
Алған білімді жинақтап, тақырып бойынша қорытынды жасау.
Өмірмен байланыстыру
Күнделікті өмірде қолдану, өрнектердің мағынасын ажырата білу.
Күтілетін нәтиже
- Оқуға бағыт-бағдар алады және тақырыпты түсініп меңгереді.
- Топта жұмыс істеу арқылы есептеу дағдылары дамиды.
- Өзін және сыныптастарын бағалау мүмкіндігі қалыптасады.
Оқыту әдістері
Белсенді тәсілдер
- Сұрақ–жауап, диалог
- Топтастыру
- «Кубизм» әдісі арқылы қайталау
Көрнекілік және бағалау
- АКТ (бейнеролик, слайд)
- Венн диаграммасы арқылы салыстыру
- Смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалау
- Домино әдісі, «Қытай десерті» ойыны
Сабақтың түрі
Сабақ барысы
1) Психологиялық ахуал қалыптастыру
3 минут
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
2) Топқа бөлу
- І топ: сандар
- ІІ топ: әріпті өрнектер
3) Білімді өзектендіру (өткенді қайталау)
«Кубизм» әдісі арқылы мағынасын ашу және пысықтау:
- 1 Біздің өтіп жатқан тақырыбымыз қалай аталады?
- 2 Өрнектер нешеге бөлінеді?
- 3 Өрнектің түрлерін ата.
- 4 Әріпті өрнектің мәнін табу үшін не істейміз?
- 5 6 мен a сандарының айырмасын жаз.
- 6 a мен 3 сандарының қосындысын жаз.
4) Оқулықпен жұмыс (топтық)
Кесте толтыру арқылы тақырыпты ашу
a + 9 және a − 9 өрнектері бойынша кесте толтыру.
Жеке жұмыс
«Не түсіндік? Не білдік?» сұрақтары арқылы қысқа қорытынды жасау.
Тапсырмалар:
- Оқулықтағы 2-тапсырманы орындау.
- Есептің сұрағын құрастырып, шығару.
- 3-тапсырма: кестелерді толтыру.
Қорытынды: топтар бір-бірін бағалайды.
5) Сергіту сәті
бейнеролик
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды шоғырландыру.
6) Шығармашылық тапсырмалар
4-тапсырма (топтық)
Өрнектің мәнін табу.
Домино әдісі
Өрнектердің мәнін есептеп, сәйкестендіру.
Доминоға арналған мысалдар:
1-топ
6 мен a сандарының айырмасын жаз:
2-топ
5 саны мен a санының айырмасын жаз:
7) Бағалау
3 минут
Жұптық және топтық бағалау (қалыптастырушы бағалау, смайликтер арқылы кері байланыс).
8) Рефлексия
3 минут
«Бес саусақ» әдісі арқылы: түсінгенім, қиын болғаны, қызық болғаны, көмегім, келесі қадам.
9) Үй тапсырмасы
2 минут
Тақырыптың толық нұсқасын жүктеп алып, тапсырмаларды орындау.