Қадыр Мырза Әли өлеңіАлдап - сулап, Абайсызда жылыстарАйла - уақытқа кейде адамның жыны ұстар

Қадыр Мырза Әли өлеңі

Алдап - сулап,
Абайсызда жылыстар
Айла - уақытқа кейде адамның жыны ұстар.
Бір нәрсеге жіпсіз сені байлайды
Желісі бар
Жемісі жоқ жұмыстар.
Жер соқтырып жүргенменен түлкілер,
Жиналмайды өкпе - наздың бұлтын ер.
Ұмыттырып уақыт барын,
Үй барын,
Кетеді алып кейде күміс күлкілер.
Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді.
Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.
Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді.
Қарашығын
Ағы бұл көздің дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.
Төзер едің,
Ойбай - ау!
Еңіретіп,
Алтынды мыс,
Мысыңды темір етіп,
Орманды шоқ,
Шоғыңды көмір етіп,
Өмір өтіп кетпей ме,
Өмір өтіп?
Бақыт деген батырдың пырағында,
бұқараның ұранында,
өзіңнің босағаңда
жағылған шырағыңда.
Бақыт деген досыңның табағында,
домбыра шанағында,
жарыңның жанарында,
халықтың қабағында!

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын



Ұқсас жұмыстар

Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Қадыр Мырза Әлінің балалар поэзиясына арналған шығармаларын жинақтарынан топтастыру
Дәстүрлі емдеу әдістері
Қадыр Мырза Әли поэмалары
ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
Қадыр Мырза Әлі
Жұмекен Нәжімеденовтің философиялық лирикасы
Қадар Мырзалиев шығармаларындағы экология мәселесі
Махамбет – ұлт рухының айбары
Негізгі қорларды қйта жандандыру тәсілі – күрделі қаржыны жұмсау
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
ӘЛІБЕКҰЛЫ ТӨЛЕ БИ
УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙХАН
МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ БЕКЕТ
ӘЛІБЕКҰЛЫ СЫПАТАЙ
Қаржының мәнi, функциялары және ролi
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы
БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ жайлы жайлы жайлы
БӨКЕЙХАНОВ ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ