Аталар айтқан асыл сөз
Автор: Салауатқызы Айдана, Алматы технологиялық университеті, 3-курс студенті
«Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен» сайысының өткізілу жоспары
Бұл материалда 5–8-сынып оқушылары, аналар және сынып жетекшілері бірлесіп қатысатын тәрбиелік-мәдени сайыстың мазмұны мен кезеңдері ұсынылады.
Тақырыбы
Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен
Мақсаты
Оқушыларды халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу барысында мұғалім мен ата-ананың бірлескен жұмысын нығайту, отбасы мен мектеп ынтымақтастығын арттыру.
Көрнекілік және ұран
Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі — аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.
Дүниеде өзгермейтін үш нәрсе бар: ананың ақ сүті, сәбидің күлкісі, күннің нұры.
Қатысушылар құрамы
- Сайысқа 5–8-сынып оқушылары қатысты.
- Әр сыныптан құралған топ құрамында: оқушы, анасы және сынып жетекшісі.
Қатысқан топтар
7-сынып
Тұлпар
8-сынып
Қызғалдақ
6-сынып
Көкпар
5-сынып
Жеңіс
Сайыс барысы
I. Топтардың өзін таныстыруы
Әр топ өз мүшелерін таныстырып, ұранын айтып, шығармашылық таныстыру арқылы сайысты бастайды.
II. «Ата дәстүрі — асыл қазына»
Әр топқа 10 сұрақ беріледі. 1 минут ішінде берілген сұрақтарға мүмкіндігінше көп әрі дұрыс жауап беруі бағаланады.
III. «Тәтті ән мен әсем күй» (өнер сайысы)
Абай атамыздың сөзімен:
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Бұл кезеңде әр топ ән айтып, би билеп, өнерге икемділігін көрсетті.
IV. «Он саусағы майысқан — шебер болар ұрпақпыз» (үй тапсырмасы)
Қатысушылар өздері дайындап келген қолөнер бұйымдарын таныстырып, жасалу жолын түсіндірді.
Ерекше көзге түскені — «Жеңіс» тобының апалары дайындаған құрақ түрлері (тырна, ши құрақ), балалардың қамшы өруі, қыз балалардың кесте тоқуы. Барлығы ұқыптылық пен талғамды көрсетті.
V. «Аталар айтқан асыл сөз»
Мақал-мәтел сайысы: мақалдың басы айтылады, топ мүшелері жалғасын тауып, толық нұсқасын жалғастырады.
VI. «Ас — адамның арқауы»
Бұл бөлімде әр топ ұлттық тағам түрлерінің бірін таныстырып, дайындалу жолын, ерекшелігін және мәнін түсіндіреді.
Жүргізушінің кіріспе сөзі (үзінді)
Қош келдіңіздер, құрметті аналар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді көктемнің лебімен ілесе келген 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Баршаңызға бақыт, береке тілеймін!
Жан кешкен баласы үшін, бағы үшін де,
Халқының, отбасының қамы үшін де.
Аналар — шексіз әлем, күннің нұры,
Тіршілік көзі жатыр әр ісінде.
Бүгінгі сайысқа келіп отырған аналарымызды ортаға шақырамыз.
Ұстазым — екінші анам, аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Таңертең күнде құшақ жаяды алдынан —
деп, жас ұстаздарды ортаға шақырамыз.
Сондай-ақ шәкірттерге кезек береміз. Қатысушылар: Сержан, Жадыра, Шынар, Әйгерім, Гүлсезім, Жайнагүл, Бақытбек, Анар, Жанар.
Қорытынды
Нәтиже
Сайыс шарттарына сай жиналған ұпай саны бойынша «Жеңіс» тобы алға шықты.
Жүргізушінің қорытынды сөзі (үзінді)
Аналар жайлы күн сайын қаншама жаңа жырлар мен әсем әндер өмірге келуде. Әйтсе де олардың ешқайсысы ақ жаулықты аналардың толық болмысын түгел суреттеп бере алмайды.
Ана — күллі тіршіліктің иесі. Сондықтан ана туралы әңгіме жырмен, қанатты сөзбен немесе бір ғана әнмен аяқталмайды. Ол ғасырлар бойы жалғаса беруі тиіс.
Сағынышқа толы жүректің нәзік қылын шертетін, жаны жайсаң, көңілі дарқан, пәк сезімді асыл аналар туралы әуендер әр адамның жүрегінің төрінен орын алып, мәңгілік сарқылмауы керек.
Өйткені Ана — таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән.
Қорытынды бөлім
Хор: «Ана туралы жыр».