Оқушыларға өлшемдердің метрлік жүйесін меңгерту
Сабақтың тақырыбы
Өлшемдердің метрлік жүйесі (презентациямен).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға өлшемдердің метрлік жүйесін меңгерту.
Тәрбиелік
Сабақ барысында ұйымшылдыққа, жеке жұмыс жасауға, бір-бірін тыңдай білуге үйрету; шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ойлауын дамыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, ой қорытып, нақты шешім қабылдауға үйрету.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақ әдісі
- Ойын сабақ
- Сабақ көрнекілігі
- Интерактивті тақта, оқулық
- Пәнаралық байланыс
- Математика, информатика, қазақ әдебиеті, тарих, сызу
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу
- Кезекшінің мәліметі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын пысықтау
Өткен тақырып бойынша қысқаша қайталау және сұрақ-жауап.
III. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру
-
1. Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы ________________ тең.
-
2. Егер сызғыштың ұзындығы 4 см және өлшеу дәлдігі 0,5 см болса, онда сызғыштың өлшеу қателігінің мәні:
- A) 4 см
- Ә) l = (4,00 ± 0,5) см
- Б) l = (4,00 ± 0,1) см
- В) l = (4,00 ± 0,25) см
IV. Жаңа сабақты меңгерту: өлшемдердің метрлік жүйесі
Физикалық шамалардың өлшем бірліктері бірден айқындалған жоқ. Бүгінде қолданылып жүрген бірліктер — тарихи дамудың нәтижесі. Ертеде әр ел әртүрлі өлшемдерді қолданған.
Тарихи өлшемдер
Мысалы, қазақ халқы ұзындықты өлшеу үшін қарыс, елі, сүйем, табан, құлаш, шақырым сияқты бірліктерді пайдаланған. Сондай-ақ орыстың 1 верстасы шамамен 500 құлашқа (сажень) тең болған. Ал АҚШ пен Англияда әлі күнге дейін миля, ярд, фут, дюйм сияқты бірліктер қолданылады.
Өлшем бірліктерінің мұндай әркелкілігі бір өлшемнен екіншісіне өтуді қиындатып, ұзақ есептеулерді талап етеді. Осы мәселені шешудің тиімді жолы — метрлік жүйе.
Метрлік жүйенің негізгі артықшылығы
Метрлік жүйенің негізіне барлық халықтарға ортақ ондық принцип алынған. Яғни еселенетін немесе бөлінетін бірліктер негізгі бірлікті 10-ға көбейту немесе 10-ға бөлу арқылы алынады.
«Кило» тіркесі
«Кило» мыңды білдіреді:
- 1 км = 1000 м
- 1 кг = 1000 г
- 1 кВ = 1000 В
«Милли» тіркесі
«Милли» — мыңнан бір бөлік:
- 1 мг = 1 г-ның мыңнан бір бөлігі
- 1 мм = 1 м-дің мыңнан бір бөлігі
- 1 мл = 1 л-дің мыңнан бір бөлігі
Квадраттық және кубтық бірліктерге ауысу
1 м = 100 см болғандықтан: 1 м² = (100 см)² = 10 000 см²
1 см = 10 мм, демек 1 мм = 0,1 см. Сондықтан: 1 мм³ = (0,1 см)³ = 0,001 см³
V. Мұғалімнің ақпараттық сұрақтары
- Метрлік жүйедегі бірліктерден басқа қандай бірліктерді білесіңдер? Олардың кемшілігі неде?
- Метрлік жүйені енгізудің өркениет пен ғылым үшін маңызы қандай?
- Метрлік жүйенің ең басты артықшылығы қандай?
VI. Жаңа сабақты бекіту
3-жаттығу
Үстелдің ұзындығы 0,8 м. Оны дециметрге, сантиметрге, миллиметрге және километрге айналдырыңдар.
VII. Оқушы еңбегін бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.
VIII. Үйге тапсырма
-
1
§12. «Өлшемдердің метрлік жүйесі»
-
2
3-жаттығу (2, 3)
-
3
Ертеде қолданылған өлшемдер туралы шағын мәтін жазып келу.