Бесбұрыштарды сана
Сабақтың мазмұны
- Тақырыбы
- Есту арқылы есте сақтауды жаттықтыру
- Мақсаты
- Есту арқылы есте сақтау жаттығуларын орындата отырып, оқушылардың тапқырлығын дамыту.
- Міндеттері
-
- Бірлесіп жұмыс істеу арқылы нәтижеге жетуге баулу.
- Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
- Әдіс-тәсілдер
- Көрнекілік, сөздік, түсіндіру, әңгімелесу.
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, «Логика әлемі» жұмыс дәптері.
Сабақ барысы
1) Топқа бөлу
Оқушыларды күз мезгіліне байланысты жемістер арқылы топтарға бөлу.
2) Психологиялық ахуал
«Балалар, бүгін айдың нешесі?» деген сұрақтан бастаймыз. Егер бүгін 23 қараша болса, 23 санын:
- алдымен оң қолмен,
- сосын сол қолмен,
- одан кейін оң және сол аяқпен,
- қолды бүйірге қойып, белмен және мұрынмен ауада «жазамыз».
3) Ширату (тез жауап бер)
IӘр топқа екі сұрақтан беріледі.
1) Бес тышқанның құлағы
10
2) Жеті сиырдың мүйізі
14
3) «Дүйсенбі» сөзіндегі әріптер саны
8
4) Есту мүшесі
Құлақ
5) Жаз айлары
Маусым, шілде, тамыз
6) Ағзаның қорғаныс мүшесі
Тері
7) Қан айналымының негізгі мүшесі
Жүрек
8) Ауаның қозғалысы
Жел
Тапсырма №1: «Көзіңмен қадағала»
Қолмен емес, көзбен жүргізіп, цифрлар мен әріптердің байланысын тап. Жасырын сөзді жаз.
Жауаптары
«Көкөніс», «Жаңалық»
Ми гимнастикасы: «Жалқау сегіздіктер»
Ауада «8» санын алдымен оң қолыңмен, кейін сол қолыңмен сал. Одан соң екі қолыңмен үш рет қайтала.
Тапсырма №2: «Сана!»
Бесбұрыштарды сана да, санын торкөзге жаз.
Жауабы
9 бесбұрыш
Тапсырма №3: Сөздерді құрастыр
Сөздерді дұрыс құрастыр, артық сөзді алып таста да, қалғанын топтастыр.
Берілгендер
ҚРАЫБЗ, АУЫҚН, МААЛ, ЛАМАҚ, МҰТРЛА
Жауабы
Қарбыз, қауын, алма, қалам, алмұрт
Көңілді үзіліс
IIБалалар өлең шумақтарына сәйкес қимылдар жасайды:
Орнымыздан тұрайық,
Қолды алға созайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Тапсырма №4: Ойла, есепте, жауап бер!
7 қапты бір қатарға қойды. Бірінші қаптың салмағы — 77 кг. Қалған әр қаптың салмағы өзінен алдындағы қапқа қарағанда 7 кг-ға кем. Барлық қаптардың жалпы салмағы қанша?
Жауабы
392 кг
Мұрнымен жазу жаттығуы
IIIКөзіңді жұм. Мұрныңды қалам ретінде пайдаланып, ауада кез келген сурет сал. Көзің жұмулы болсын.
Тапсырма №5: Ойлан, есепте, жауап бер!
Арман биыл 3-сыныпқа көшті. Енді анасы оған түскі асқа күн сайын 100 теңге береді. Арман үнемдеуді жақсы көреді, сондықтан күнде тек 70 теңгеден жұмсайды. Бір аптада ол неше теңге үнемдейді?
Қосымша тапсырма: «Қайсысы жетіспейді?»
Геометриялық фигуралар қатары көрсетіледі. Оқушылар 1 минут қарап шығады. Келесі суретте сол фигуралардың біреуі алынып тасталады — оқушылар қайсысы жоғалғанын табуы керек.
Сабақты қорытындылау
IV- Оқушылардың тапсырмалар бойынша белсенділігін талқылау.
- Есту арқылы есте сақтауға көмектесетін тәсілдерді жинақтау.
- Топтық жұмыстың нәтижесін бағалау және кері байланыс алу.