Көміртек қосылыстары

Химия пәні бойынша сабақ жоспары (10-сынып)

Пән мұғалімі

Сыдықбекова Т. Н.

Сынып

10-сынып

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың р-элементтер туралы түсінігін тереңдету және алюминийге қатысты негізгі білім мен дағдыларды жүйелеу.

Білімдік мақсат

  • Р-элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктерін меңгерту.
  • Алюминийдің табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы және алынуы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсат

  • Алюминийдің электрондық конфигурациясын құрастыру және жеке атомға сипаттама беру.
  • Әр топ элементтері атомдарының айырмашылығын түсіндіріп, қорытынды жасап, материалды жүйелеу.
  • Сөздік қорын байытып, білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсат

  • Сабақ уақытын тиімді жоспарлауға және өзін-өзі бағалауға үйрету.
  • Еңбекқорлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тақырыптар мен зертханалық тәжірибелер

Төменде 8-тарауға қатысты тақырыптар және оларға сәйкес зертханалық тәжірибелер берілген.

§ 8.1–8.2

ІІІА топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. Алюминий және оның қосылыстары.

Тәжірибе 11

Зертханалық жұмыс

Алюминий және оның құймаларының үлгілерімен танысу.

§ 8.5–8.6

Көміртек және оның қасиеттері. Көміртек қосылыстары.

Тәжірибе 12–13

Зертханалық жұмыс

  • Көмір қышқылының қасиеттерімен танысу.
  • Карбонаттардың гидрокарбонатқа айналуын бақылау.

§ 8.7

Кремний және оның қосылыстары.

Тәжірибе 14–15

Зертханалық жұмыс

  • Табиғи силикат үлгілерімен танысу.
  • Шыны түрлерімен танысу.

§ 8.8–8.9

V(A) топ негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. Азот.

Теория

Азоттың жалпы сипаттамасы, орны және қасиеттерін талдау арқылы негізгі топша элементтерін салыстыруға дағдыландыру.

§ 8.10–8.11

Аммиак. Аммоний тұздары.

Тәжірибе 16

Зертханалық жұмыс

Аммоний тұздарының сілтілермен әрекеттесуін бақылау.

Құзыреттер

Реакция белгілерін сипаттау, теңдеулер құрастыру, қорытынды жасау және қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Материалдар тізімі

Қамтылатын бөлімдер: § 8.1, 8.2, 8.3, 8.4, 8.5, 8.6, 8.7, 8.8, 8.9, 8.10, 8.11.

Ескерту

Қажет болған жағдайда материалдың толық нұсқасын жүктеп, толық мәтінін қарауға болады.