Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақстан туралы білімді толықтыру және бекіту.

Дамытушылық

Сөйлеу қабілетін және танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту, өз білімін бағалауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Отанды сүюге тәрбиелеу, «Елім» деген патриоттық сезімді ояту.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатыспағандардың себебін анықтау.
  • Құрал-жабдықтарын тексеріп, зейінді сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын сұрау

Алдыңғы тақырып бойынша білімді тексеру және қысқаша қорытынды жасау.

3) Жаңа сабақ материалы

Тақырыпқа кіріспе сұрақтар

Отан дегеніміз не?

Отан — адамның туып-өскен жері, атамекені. Әр халықтың өз Отаны болады.

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет.

II) Фонетикалық жаттығу

Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз:

  • 1) Туған

    жер

  • 2) Тәуелсіз

    мемлекет

  • 3) Еуразия

    материгі

  • 4) Кең

    далам

  • 5) Елбасының

    жолдауы

  • 6) Өркениетті

    еліміз

Кластер әдісі арқылы жұмыс

Бүгінгі сабақта тәуелсіздік тақырыбын негізгі ұғымдар арқылы байланыстырамыз:

Тәуелсіздік күні Астана Конституция күні Республика күні Ата заң Ту Елтаңба Бап Білім

III) Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Қазақстан — менің Отаным

Негізгі сұрақ

Тәуелсіздігіміз қашан жарияланды?

Жауап

1991 жылғы 16 желтоқсанда.

Сөздікпен жұмыс

Жарияланды
объявлен
Бүкілодақтық
общенародный
Еркіндік
вольность, воля
Бостандық
свобода

IV) Мәтінмен жұмыс

Қазақстан 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіз республика деп жарияланды. Бұл күн — Қазақстан тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні ретінде алтын әріппен жазылған. 16 желтоқсан — бүкілхалықтық мереке, әрі еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиға. Тәуелсіздік республика халқына еркіндік пен бостандық әкелді.

4) Бекіту

«Отаным» ұғымын бекіту үшін тірек сөздер арқылы ойды жинақтау:

Отаным Қазақстан Туған жерім Менің елім

5) Қорытындылау

А) Тәуелсіздік қашан жарияланды?

1991 жылғы 16 желтоқсанда.

Ә) 16 желтоқсанда қандай мереке тойланады?

Тәуелсіздік күні.

Б) Тәуелсіздік халқымызға не әкелді?

Еркіндік пен бостандық әкелді.

Бағалау

Білім алушылардың жауаптарына қарай қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Жаңа сөздерді жаттау.