Тас қақпаның сұрақтары
«Алтын қақпа» интеллектуалды шоу ойыны
«Алтын қақпа» — химия пәні бойынша білімді жүйелі түрде тексеруге арналған интеллектуалды шоу ойын. Ойынның мазмұны қарапайымнан күрделіге қағидатына негізделіп, оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін кезең-кезеңімен анықтауға бағытталады.
Мақсаты
Оқушылардың білімін тереңдету және оқытудың жүйелік ұстанымын сақтай отырып, меңгерген білімін тексеру.
Тәрбиелік міндеті
Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, белсенділікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеті
Логикалық ойлауды, есте сақтауды, тіл байлығын дамыту; қызығушылық пен шығармашылықты арттыру.
Көрнекіліктер
- Алтын, тас, күміс қақпалардың суреттері
- Слайдтар
- Белсенді тақта
- Сандық
- Периодтық кесте
Қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Қызық думан — өміріміз ғаламат! Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ! Қыруар істің қайсысында болса да құдіретті химия жүр аралап.
Ойынға қатысу үшін төмендегі кіріспе сұрақтарға жауап беріледі.
Кіріспе сұрақтар
- Электролиттер дегеніміз не?
- Электролиттік диссоциациялану дегеніміз не?
- Ион алмасу реакциясы дегеніміз не?
- Қышқылдар дегеніміз не?
- Төмендегі заттардан бейэлектролиттерді атаңдар.
- Период дегеніміз не? Неше период бар?
- Диссоциация теориясы тұрғысынан негіздер дегеніміз не?
Ойынның ережесі
- Сұрақтарға кезекпен жауап беріледі.
- Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
- Әр кезеңнің соңында ұпайы ең аз қатысушы ойыннан шығарылады.
Ескерту: Кезеңдер қақпалар (тас, күміс, алтын) логикасымен ұйымдастырылады; сұрақтар күрделену бағытымен беріледі.
Тас қақпа
Бірінші кезең — негізгі ұғымдарды нақтылау. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Электролиттік диссоциация теориясын кім ашты?
- Бейэлектролиттер дегеніміз не?
- Химия пәні нені зерттейді?
- Электролиттерді атаңдар.
- Электролиттік диссоциациялану дәрежесі дегеніміз не?
- Күшті электролиттер дегеніміз не?
- Диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдар дегеніміз не?
- Жай заттар мен күрделі заттарды бөліп жазыңдар.