Тәуелсіз мемлекет
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мәліметтері
Білім беру саласы
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту
Тақырыбы
Біздің Елбасы
Мақсаты
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Дамытушылық
Балалардың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелеу, түсіндіру
- Саяхатқа шығу
- Сұрақ-жауап, қорытынды
Көрнекілік
- Сурет, слайд
- «Үш қоңыр» жайлауының макеті
Сабақтың барысы
Кіріспе бөлім
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: «Балалар, алдымен қонақтармен амандасайық.»
Сәлемдесу
- Армысың, қайырымды Аспан ата!
- Армысың, мейірімді Жер-ана!
- Армысың, балабақша достарым!
- Армысың, еңселі елім менің!
- Армысың, асқар тауым, көлім менің!
Шаттық шеңбер
Тәрбиеші
«Егеменді елімізге біз тілейік…»
Балалар
- Татулық
- Денсаулық
- Тыныштық
- Молшылық
- Амандық үшін
- Жасасын Елбасы!
Тілек 2 рет қайталанады.
Тәрбиеші: «Өте жақсы. Балалар, орындарыңа отырыңдар.»
Өткенді қайталау
Сұрақ-жауап
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз мезгілі неше айдан тұрады?
Балалар: Үш айдан: қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Бүгін — 28 қараша. Бұл — күз мезгілінің соңғы күндері. Алда 1 желтоқсан мерекесі бар. Бұл қандай күн?
Балалар: Еліміздің тұңғыш Президенті сайланған күн.
Негізгі бөлім: Президент және тәуелсіздік
Сұрақ-жауап
Тәрбиеші: Біз қай республикада тұрамыз?
Балалар: Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының басшысы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Балалар: Тәуелсіз мемлекет.
Тәрбиеші: Тәуелсіздік мерекесін қай күні атап өтеміз?
Балалар: 16 желтоқсан.
Түсіндіру
1991 жылдың 1 желтоқсанында қазақ халқы тұңғыш Президентін сайлады — Н. Ә. Назарбаев.
Ал 16 желтоқсанда еліміз тәуелсіздігін жариялады.
Тәуелсіздікпен бірге өзіміздің мемлекеттік рәміздеріміз, ұлттық валютамыз — теңге, және Ата заңымыз қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер
Тәрбиеші: «Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білеміз бе?»
Балалар: «Иә.»
Атау
-
Ту
-
Елтаңба
-
Әнұран
Тәрбиеші: «Рәміздерді атап, қысқаша сипаттап, авторларын айтуға тырысайық.»
Қорытынды
Сабақ барысында балалар Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет екенін, Тәуелсіздік күнін — 16 желтоқсанда, ал 1 желтоқсан — тұңғыш Президент сайланған күн екенін еске түсіріп, мемлекеттік рәміздерді атады.