Координаталық жазықтықтағы бір ширектегі нүктелер жиынынан құралған оюдың басқа ширекте симметриясын алып оюды толықтыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл сабақта координаталық жазықтықта берілген бір ширектегі нүктелер жиынынан құралған қисықтың басқа ширектердегі симметриясын табу арқылы қазақ ою-өрнектерін толықтырып салу қарастырылады.
Пән / сынып
Математика, 6-сынып
Тақырып
Центрлік және осьтік симметрия арқылы қазақ ою-өрнектерін салу
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
Координаталық жазықтықтағы бір ширектегі нүктелер жиынынан құралған қисықтың басқа ширектердегі симметриясын табу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар бір ширектегі нүктелер жиынынан құралған оюдың басқа ширектердегі симметриясын дұрыс алып, ою-өрнекті толықтырып салады.
Негізгі ұғымдар
Центрлік симметрия координаталар басы (O(0;0)) бойынша алынады. Осьтік симметрия абсцисса (Ox) немесе ордината (Oy) осіне қатысты орындалады.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
- Түгендеу жүргізіледі, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.
- Сабаққа ынталандыру жасалып, жұптық жұмысқа дайындық ұйымдастырылады.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ
«Қошқармүйіз» оюы неге бұлай аталады?
«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесіне ұқсайды. Оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын шолақ мүйіз тәрізді екі буын көрінеді, ал мұқият қарағанда қошқардың тұмсық бейнесі де аңғарылады. Бұл ою текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем сияқты бұйымдарда, сондай-ақ былғары, сүйек, ағаш және зергерлік заттарда жиі кездеседі. Киіз бұйымдарында ою түрлі түсті шүберекпен ойылып, құрақ (аппликация) түрінде де тігіледі.
Сұрақ
Ою-өрнектерді түріне қарай қалай топтастырады?
Қазақ қолөнер бұйымдарындағы ою-өрнектер негізінен төрт топқа бөлінеді: геометриялық, жануар тектес, өсімдік тектес және космогониялық.
3) Өткен материал бойынша білімді тексеру
Сұрақ
Координаталық жазықтықтың басқа атауы қандай?
Декарттық жазықтық.
Сұрақ
Координаталық жазықтық неше ширекке бөлінеді?
Төрт ширекке бөлінеді: I, II, III, IV.
Сұрақ
Ширектердің таңбасын қалай анықтаймыз?
Нүктелердің координаталарының таңбалары бойынша.
Сұрақ
Абсцисса және ордината дегеніміз не?
Ox осі — абсцисса осі, Oy осі — ордината осі.
4) Мақсат қою
Оқушылар сабақтың мақсаты мен міндеттерімен танысып, орындау жолына нақты бағыт-бағдар алады.
5) Жаңа материалды түсіндіру
Центрлік симметрия — нүктені координаталар басына қатысты түрлендіру.
Осьтік симметрия — нүктені Ox (абсцисса) немесе Oy (ордината) осіне қатысты түрлендіру.