Тілдік лото
Интеллектуалдық ойын: «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» (6–7 сынып)
Бұл сайыс сабақ Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне арналып, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыруға, сондай-ақ оқушылардың білімін, ой-өрісін және шапшаң шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Мақсаты
- Тәуелсіз елде өмір сүретін ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тілге құрмет сезімін қалыптастыру.
- Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, тапқырлықты, ойлау қабілетін шыңдау; шапшаңдық пен нақтылыққа баулу.
Әдісі
Сайыс сабағы.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, презентация
- Қима қағаздар
- Нақыл сөздер жазылған плакаттар
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары, өр де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тіл мерекесі — барша қазақстандықтар үшін мәні ерекше айтулы мейрам.
2-жүргізуші
Бұл атаулы күн — Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мереке. Еліміздің де, тіліміздің де тұғыры асқақтай берсін!
Тіл туралы ой
Ана тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиналған рухани қазынадан нәр алатын кіндік тамыры.
Біздің ана тіліміз — қазақ тілі. Ол тек отбасының, ошақ қасының ғана тілі емес, ол — мемлекеттік тіл.
Өлең шумағы
Ана тілім — арайлы шапағатым,
Ана тілім — сәнім мен салтанатым.
Ана тілім — таудағы таза бұлақ,
Ана тілім — мәңгілік махаббатым.
Ана тілім — қазағым, қазақ тілім.
Сайыс құрылымы: 8 кезең
«Тілім менің – тірегім» атты білім сайысы 8 кезеңнен тұрады. Төменде әр кезеңнің атауы берілген.
-
1-кезең Таныстыру
Әр топ өздерін таныстырады.
-
2-кезең Сөз тапқанға
Берілген әріптен басталатын жылдам жауаптар.
-
3-кезең Тілдік лото
Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жасырын сұрақтар.
-
4-кезең Білімпаздар
Танымдық тапсырмалар мен сұрақтар.
-
5-кезең Қызықты ұйқастар
Ұйқас табу және тілдік икемділікті көрсету.
-
6-кезең Кім жылдам?
Шапшаңдық пен дәлдікті талап ететін тапсырмалар.
-
7-кезең Тіл — ел байлығы
Постер қорғау.
-
8-кезең Өлең — сөздің патшасы
Поэзия мен сөз құдіретін танытатын кезең.
Бағалау
Сайыс нәтижесін бағалау үшін қазылар алқасы құрылады.
Қазы 1
Аты-жөні (толықтырылады)
Қазы 2
Аты-жөні (толықтырылады)
Қазы 3
Аты-жөні (толықтырылады)
2-кезең: «Сөз тапқанға»
Ереже
- Әр топқа бір әріп беріледі.
- Сұраққа жауап сол әріптен басталуы керек.
- Жауап тез әрі нақты болуы тиіс.
- Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
I топ сұрақтары
- Бүгін қандай күн?
- Сен қайда тұрасың?
- Жазда қайда болдың?
- Нені жақсы көресің?
- Сыныбыңда неше оқушы бар?
- Қай пән ұнайды?
II топ сұрақтары
- Досың көп пе?
- Сенің сүйікті ақының кім?
- Немен саяхат жасайсың?
- Сенің қалаң қандай?
- Кім болғың келеді?
- Нені ұнатасың?
III топ сұрақтары
- Қандай құсты білесің?
- Қандай фильм көрдің?
- Жақсы көретін күнің қай күн?
- Күз мезгілі ұнай ма?
- Сүйіп оқитын жазушың кім?
- Саған қандай тағам ұнайды?
3-кезең: «Тілдік лото»
Интерактивті тақтада сандар жазылған торкөздер беріледі. Әр торкөздің астында сұрақ жасырылған. Сұрақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
1-ұяшық
10 ұпайСурет бойынша мақал-мәтел құрастыр.
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
2-ұяшық
10 ұпайСурет бойынша мақал-мәтел құрастыр.
Піл көтермегенді тіл көтереді.
3-ұяшық
10 ұпайСурет бойынша мақал-мәтел құрастыр.
Ананың сүті — бал, баланың тілі — бал.
4-ұяшық
20 ұпай«Мұғалім» сөзінің синонимдерін ата.
Оқытушы, ұстаз.
5-ұяшық
20 ұпайКогда отмечается День языков народов Казахстана?
22 сентября.
6-ұяшық
20 ұпайWhat is your native language?
My native language is Kazakh.
7-ұяшық
30 ұпайCapital city of Great Britain.
London.
8-ұяшық
ТапсырмаМұқағали Мақатаевтың тіл байлығы тақырыбына арналған өлеңін ата (немесе мәнерлеп оқы).
9-ұяшық
ТапсырмаӘннің атауын тап.