Автобиографиялық әңгіменің авторы
Қазақ әдебиеті • 6-сынып
Әдебиеттен өткенді қайталау (сайыс сабақ)
Бұл сабақ — 1-жартыжылдықта меңгерілген білімді жүйелеуге және қорытындылауға арналған сайыс түріндегі қайталау сабағы. Көркем шығармалар арқылы оқушыларды өмірді терең түсінуге, өнердің құндылығын тануға, жан-жақты білімге ұмтылуға тәрбиелеу, әрі жарыс элементі арқылы шығармашылық қабілетін дамыту көзделеді.
Мақсаты
- 1-жартыжылдық бойынша алған білімді саралау, жүйелеу.
- Көркем мәтін арқылы өмірді тануға, ойды тереңдетуге баулу.
- Шығармашылық белсенділікті сайыс арқылы ынталандыру.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақ түрі
- Қайталау, сайыс сабақ
- Типі
- Қорытындылау
- Технология
- АКТ, СТО
- Әдіс-тәсіл
- Сайыс, сұрақ-жауап, талқылау, талдау
Құрал-жабдық
- Компьютер, интерактивті тақта
- Фишкалар, слайдтар
- Мадақтама қағаздары
Сабақ ұраны
Ойнайық та, ойлайық!
Сабақ барысы
I. Кіріспе сөз
Әдебиет — сырлы да сұлу әлем. Әдебиетті оқи отырып, уақыт пен кеңістік арқылы саяхат жасауға болады. Ол үшін бізге көркем шығарма, ұшқыр қиял және алғыр ой қажет.
Бүгінгі сабағымыз саяхат-сабақ түрінде өтеді: бір сәт бұрын оқыған шығармаларымызды ойымызда жаңғыртып, әдебиет әлеміне бірге сапар шегеміз. Бұл жолы да сендерді білім сайысында жаңа «достар» күтіп тұр.
II. Ой сергіту (жұмбақ-сұрақтар)
- Егер ол болмаса, қуаныш та жоқ. Онсыз өмір — өмір емес. Оны адамдар бір-біріне тілейді. Әсіресе құттықтау хатқа оны ақшаң болса да сатып ала алмайсың деп жатады. (Денсаулық)
- Өмір жақсы болсын деп әр адам оны армандайды. Жанында жүрсе де, байқамай қолынан ұшырып алуы мүмкін. (Бақыт)
- Барға риза болып, Алла Тағаланың бергеніне шүкір етіп жүретін адамды қалай атаймыз? (Қанағатшыл)
- Ол әр адамда болуы тиіс, бірақ көп жағдайда ұмыт қалып жатады. Біреуді ренжітсең немесе істі дұрыс орындамасаң, ол іштен қинайды, нағыз адам болып қалыптасуға көмектеседі. (Ұят)
- Ол бізге әрдайым қажет, сондықтан адамдар бір-біріне тілейді. Ол кімге серік болса, сол бақытты болады. Ол келгенде: «Ой, сәті түсті!» — деп қуанады. (Сәттілік)
Бүгінгі сайысымызда барлығыңа сәттілік тілеймін! Денсаулықтарың мықты болып, қанағатшыл, бақытты, арлы-ұятты азамат болып өсіңдер!
III. Сайыс кезеңдері
-
1-кезең
Гүл теру
-
2-кезең
Көбелек ұстау
-
3-кезең
Достармен серуен
-
4-кезең
Жұлдызбен сырласу
-
5-кезең
Ой теңізінде жүзу
1-кезең: «Гүл теру»
Әр топқа 15 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауап үшін команда қоржынына бір гүл қосылады.
1-топтың сұрақтары
15 сұрақ- І. Жансүгіровтің өлеңі.
- Қобыландының жүйрік аты.
- Дулат Бабатайұлының арнау өлеңі.
- «Автобиографиялық әңгіменің» авторы.
- «Туған жер» өлеңінің авторы.
- Бауыржан Момышұлының әңгімесі.
- Біржан сал қай шығарманың кейіпкері?
- Сүйінбай Аронұлы адамның қандай қасиеттері туралы айтты?
- Баллада үлгісінде жазылған шығарма.
- «Менің атым — .......» (шығарма атауын толықтыр).
- Батырлар жырының басты кейіпкері кім?
- «Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат деген елінде, Байбөрі деген бай бопты...» деп басталатын шығарма кім туралы?
- Моңғолия жерінде, Орхон өзенінің бойында табылған ескерткіш.
- Біржан сал кімнің ауылына барған еді?
- XIX ғасырдағы Жетісу ақындарының «алтын діңгегі» атанған ақын.
2-топтың сұрақтары
15 сұрақ- Абайдың «естіген сөзді ұмытпастықтың» төрт себебі қандай?
- «Мен — қазақ» өлеңінің авторы.
- «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?» деп келетін өлең қалай аталады?
- Даудың басы не?
- Қазақтың ұлттық аспабы — домбыра туралы айтқан ақын.
- Типтік образ дегеніміз не?
- «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңінің авторы.
- Шәкәрімнің бір өлеңін ата.
- «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің авторы.
- А. Байтұрсынұлының бір өлеңін ата.
- «Мен жастарға сенемін» өлеңінің авторы.
- «Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің авторы.
- «Аяз би» — қандай ертегі?
- Өлімнен күшті не?
- Қар қайтсе жанады?
Ескерту: Келесі кезеңдердің тапсырмалары сабақ жоспарына сай жалғасады.