Ауаның ластануы

Сабақ туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия.

Сабақтың тақырыбы: «Ауаның ластануы. Ауаны қорғау. 5 жолды өлең құрайық».

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Мақсаттар

Білімділік

  • Оқушыларға ауаның ластануы туралы түсінік беру.
  • Ауа райы көрсеткіштері туралы білімдерін еске түсіру.

Дамытушылық

  • Сөздік қорын молайту.
  • Ойды жүйелі, нақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Табиғатты қорғап, аялауға тәрбиелеу.
  • Ауа мен судың адамзат өміріндегі маңызын ұғындыру.

Құралдар мен әдістер

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Тақырыптық суреттер

Әдіс-тәсілдер

Венн диаграммасы 5 жолды өлең «Сиқырлы таяқша» Болжау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сәлемдесу, түгендеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау және тексеру

Тақырып: «Ауа райы және климат».

Талқылау сұрақтары

  • Ауа райы деген не?
  • Климат деген не?
  • Қазақстан жерінің климаты қандай?
  • Климат түрлерін ата.

Қосымша сұрақтар

  • Ауа райының қандай құбылыстарын білесің?
  • Ауа райын кімдер бақылайды?
  • Қазақстан жеріне жауын-шашын неге аз түседі?

III. Үй тапсырмасын бекіту: «5 жолды өлең» құрылымы

Оқушылар өлеңді төмендегі үлгі бойынша құрастырады:

  1. 1-жол: зат есім (1 сөз)
  2. 2-жол: сын есім (2 сөз)
  3. 3-жол: етістік (3 сөз)
  4. 4-жол: сөйлем (4 сөз)
  5. 5-жол: мағыналас сөз (1 сөз)

IV. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Ертеректе халық ауа райын табиғат белгілеріне қарап болжаған: ұшқан құсқа, жортқан аңға, батқан күнге, түнгі жұлдыздарға назар аударған. Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

Мағынаны тану

Ауа райы — белгілі бір мезгілдегі атмосфера құбылыстарының жағдайы. Тіршілік үшін аса қажет оттегі ауаның шамамен 21%-ын құрайды. Ал көмірқышқыл газы оттегіне қарағанда шамамен 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ — азот (78%).

Ауа неліктен ластанады?

  • Табиғи себептер (шаң, өрт, табиғи құбылыстар).
  • Адам әрекеті: жылу электр стансалары, мұнай өңдеу, металлургия, көлік қалдықтары және т.б.

Ауаны қорғау жолдары

  • Зауыттарға тазартқыш қондырғылар орнату.
  • Көлік түтінінің жолына сүзгі қою.
  • Сұйық отынды газбен алмастыру.
  • Ең тиімді жол — көгалдандыру. Әр отырғызылған ағаш — ауаны тазартуға қосылған үлес.

Кітаппен жұмыс

Мәтінді тізбектей оқыту арқылы негізгі ойды анықтау.

Ой толғаныс

I қатар: Венн диаграммасы

«Ауа райы» мен «климаттың» ортақ және ерекше қасиеттерін салыстыру.

II қатар: Дәлел келтіру

Ауаны ластаушы заттардың қайдан пайда болатынын мысалдармен дәлелдеу.

III қатар: «Дәлел сөз»

«Табиғат-ананы бұрмалауға болмайды. Табиғатты бұрмаласаң, ол сенен өшін алып тынады».

Сергіту сәті

«Ауа райын хабарлаушыға» пародия жасап, қысқа көрініс көрсету.

V. Қорытынды

Хормен: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір, таза тынысын,
Пәк табиғат — әр жүректің тамылжыған жырысың.
Ей, адамзат, ақылға сал, қатыгездік жасама,
Өзің де содан туған — табиғаттың ұлысың.

VI. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіледі.

VII. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Мазмұндау.