Нені көрем

Мұқағали Мақатаев

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем.
Өңі - түсі өзіңнен бір аумайды,
Немересін ертпесе жүре алмайды.
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі,
Көзіме оттай басылып, алаулайды.
Аппақтығы ұқсайды әрінің де,
Әжімің де, аумайды тәлімің де.
... Әлемдегі әженің бәрі бір ме?!
Әже, сен тірі екенсің әлі күнге.
Қия өтпейді...
Ұқсайды ізеті де,
(Ізетсізді бұлар да түзетуде.)
Бұлар да бабасынан алып қалған, Өз жұртының дәстүрін күзетуде.
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
... Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса...
Нені көрем???

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
Абайдың қара сөздеріне талдау
КӨРКЕМ КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Етістік-бастауыш
Ақын және домбыра. Поэзиядағы домбыра бейнесі
Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдігі
Мақағали шығармалары мен аудармалары
Ұлы ақын, композитор - Абай Құнанбаев
Абай - публицист
Бейнекарта компьютердің жадысында орналасқан бейнені түрлендіріп мониторға бейне сигнал ретінде жіберетін құрылғы
Денені қорғау әдістері
 Отан оттан да ыстық демекші мен өз елімді қатты жақсы көремін
Ненің баласы
Ненің қымбат екенін ойлап қара
Мен жыл мезгілінің ішінде көктем мезгілін жақсы көремін
Мен әжемді өте жақсы көремін
Мен қыс мезгілін жақсы көремін
Бір түлкі тоғайды аралап келе жатып, қалың шалғынның арасында жүрген бөденені ұстап алыпты
Аран немесе ауызжұтқыншақ - ас (азық) қорыту жүйесінің дененің бас аумағында орналасқан бөлімі