Сөйлеу тілі және кітаби тіл

Топтамадағы сабақ тақырыптары

  • 1 Ғылыми стиль
  • 2 Сөйлеу тілі және кітаби тіл
  • 3 Кітаби тілдің стильдік тармақтары (ресми іс-қағаздар стилі)
Қысқа мерзімді жоспар Жаңа білім Сын тұрғысынан ойлау АКТ

Тақырып: Ғылыми стиль

Сабақтың мақсаты

Оқушылар ғылыми стильдің қолданылуын, мақсаты мен тілдік құралдарын түсінеді; тіл мәдениеті мен логикалық ойлауы дамиды; іскерлік дағдылары артады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдіс-тәсілдер

  • АКТ қолдану
  • Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
  • Сұрақ-жауап, пікір алмасу
  • Іздендіру, салыстыру, талдау

Көрнекіліктер

Кесте, мәтіндер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • «Зымыран ұшыру» жаттығуы.
  • «Жұбыңды тап» әдісі арқылы топқа бөлу.

Жаңа тақырыпқа шығу

Мәтін арқылы өткен тақырыппен байланыстырып, негізгі ұғымдарға жетелеу.

  • Әр салаға қатысты сөздерді жазу.
  • Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
  • «Бұл қай стиль?» сұрағына жауап беру.
  • «Бұл стиль туралы не білеміз? Нені білгіміз келеді?» сұрақтары бойынша ой қозғау.

Оқу үдерісінің құрылымы (Блум таксономиясы)

Қызығушылықты ояту Көпірше Ой қозғау Білу Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау Рефлексия Өзін-өзі бағалау Қорытынды Үй тапсырмасы

Негізгі тапсырмалар

Оқулықпен жұмыс

60–61-жаттығулар

Жаттығуларды түсініп оқып, топ ішінде талқылау және ой бөлісу.

Интербелсенді тақта

Тірек сызбаны толықтыру.

61-жаттығу

  1. Термин сөздерді теріп жазу.
  2. Сөйлемдердің жасалу құрылымына тілдік талдау жасау.
  3. «Көне тарихи-мәдени мұражай» тақырыбында ой толғау жазу.

Мұғалім–оқушы диалогы (жедел тексеру)

Ғылыми стиль — сөйлеу стилі ме?
Жоқ.
Ғылыми стиль — әр салада жазылған ғылыми еңбектер тілі ме?
Иә.
Сөздер ауыспалы мағынада қолданыла ма?
Жоқ.
Ой күрделі түрде баяндала ма?
Иә.
Ой анықтама мен дәлелдемеге, формулаға негізделе ме?
Иә.

Бағалау және рефлексия

Қалыптастырушы бағалау

  • Семантикалық картаны толтыру.
  • Бағалау парағы арқылы критерийге сүйеніп, өзін-өзі бағалау.

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгінгі тақырып қандай болды?
  • Бүгін не істедік? Нені көрдік?
  • Біліміңді сынап көр: мәтіннің стилін анықта.

Қорытынды және келесі қадам

Бекіту

Монитордағы мәтіндердің стильдерін анықтау арқылы білімді пысықтау.

Топтық тапсырма

Әр топ стильдер тақырыбы бойынша презентация дайындайды.