Паскаль программалау тілі және құрылымы
Информатика • 7-сынып
Сабақтың тақырыбы
Паскаль программалау тілі және оның программаның құрылымы.
Сабақтың мақсаты
- Паскаль программалау тілімен танысу.
- Программаның құрылымын меңгеру.
- Қарапайым программаны жазып үйрену.
- Ұшқырлыққа, ойды тез жинақтауға және топпен жұмыс істеуге дағдылану.
Оқытудың нәтижелері
- Паскаль тілінің құрылымын және программаның негізгі бөліктерін біледі.
- Достарымен еркін қарым-қатынас жасай алады.
- Өз ойын дәлелдеп, қорғай алады.
- Шығармашылықпен жұмыс істей алады.
Қолданылатын ресурстар
Модульдердің кіріктірілуі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оқушы белсенділігі мен бірлескен жұмысты күшейту.
Сыни тұрғыдан ойлау
Тапсырманы талдау, дәлелдеу және қорытынды жасау.
Бағалау үшін оқыту
Топ басшысы арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізу.
АКТ қолдану
Ақпараттық-коммуникативтік құралдарды тиімді пайдалану.
Жас ерекшелігіне сай оқыту
7-сынып деңгейіне сай тапсырмаларды іріктеу.
Басқару және көшбасшылық
Топтық жұмыс арқылы жауапкершілік пен көшбасшылықты дамыту.
Сабақтың барысы
1) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Қоңыраудан кейін оқушылармен амандасып, оларды шеңберге тұрғызамын. Алдағы 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі. Іс-әрекеттердің шынайы орындалуын қадағалаймын.
2) Топқа бөлу
«Себеттегі сыйлық» әдісі арқылы оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топқа бөліну барысын бақылап, әр оқушының қатысуын қамтамасыз етемін.
3) Үй тапсырмасын тексеру
«Дауылға қарсы тұру» әдісі бойынша өткен тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, үй тапсырмасын қайталаймыз.
Бағалау парағы арқылы топ басшысына топ мүшелерін бағалап отыру жөнінде нұсқау беріледі.
4) Өткен тақырыпты еске түсіру тапсырмалары
Екі топқа формула беріліп, алгоритмнің блок-схемасын құру ұсынылады.
I топ
y = x² + 3 мәнін есептеудің блок-схемасын құру.
II топ
y = a + b формуласы бойынша алгоритмнің блок-схемасын құру.