Оқушыларының шығармашылығын дамытудағы мұғалімнің рөлі
Жас мамандар семинарына арналған тренинг
Тақырыбы: Оқушылардың шығармашылығын дамытудағы мұғалімнің рөлі.
Вольтер: «Оқушыны оның берген жауаптарына емес, саған қойған сұрақтарына қарап бағала».
Н. Н. Пирогов: «Бала жайлы әділетті де дұрыс ойлау үшін біз оны өз өрісінен біздің өрісімізге алып келуге тиіс емеспіз. Қайта оның рухани әлеміне көшуге тиіспіз».
Кіріспе
Құрметті жас маман! «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында Елбасының «біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек» деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдына маңызды міндеттер қояды. Соның ішінде оқу-тәрбие үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері өзектілігін жоғалтпайды.
Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы мұғалімдер ұжымының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға ерекше мән бергені жөн. Жаңа заман мұғалімі дайын білім көзі ғана емес, оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырып, үйлестіре алатын, білімнің құндылық ретіндегі сипатын терең түсінетін, нәтижеге бағытталған оқытуда жаңа жолдар мен әдістерді табуға дағдыланған маман болуы қажет.
Мұғалімнің негізгі міндеттері
Білім беру үдерісінде оқытушы жаңа ақпаратты жеткізіп қана қоймай, оқушының әлеуетін ашуға бағытталған төмендегі міндеттерді жүйелі түрде орындауы тиіс:
-
Оқушыны маңызды мәселелерді шешуге баулу.
-
Бір ғана үлгіге сүйенбей, әртүрлі әдістерді қолдана білуге үйрету.
-
Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру.
-
Алған білімін өмір ағымында қолдана білуге бағыттау.
-
Оқушының ой белсенділігін дамыту.
-
Әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын және қызығушылығын дамыту.
-
Білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру арқылы жоғары сапалы нәтижеге жетелеу.
Неліктен шығармашылық маңызды?
Қазіргі дамыған өндіріс пен қоғам шығармашылықпен жұмыс істей алатын тұлғаны қажет етеді. Шығармашылықпен әрекет ететін адамның негізгі ерекшелігі — ақыл-ой белсенділігі және алған білімін бұрын таныс емес жағдаяттарға тасымалдай алуы.
Бүгін сіздерге оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған тренинг ұсынғым келеді.
Көрініс және талдау
Фильмнен үзінді
Алдымен Аамир Кхан мен Амол Гуптэнің «Звездочки на земле» драмасынан үзіндіні тамашалайық.
Қысқаша мазмұны
8 жасар Ишан Авасти туғанынан өзге балалардан ерекшеленеді. Басқаларға оңай көрінетін оқу оған үлкен қиындықпен беріледі. Тіпті ата-анасы да оны толық түсіне бермейді. Мектепте үшінші рет емтиханнан өте алмаған соң, әкесі оны жазалау мақсатында интернатқа жібереді. Жалғыздық баланы қинайды: ол әлемге, ең алдымен ата-анасына қатты ренжиді. Сол мектепке уақытша келген сурет мұғалімі Рам Никум ғана Ишанды түсінеді. Рам бұл баланың өмірін және айналасындағылардың оған деген қарым-қатынасын өзгертуді мақсат етіп, соған қол жеткізеді.
Талдау сұрағы
Үзіндіні көрген кезде қандай сезімде болдыңыз?
Жаттығулар
1-жаттығу: «Сәлемдесу»
Мақсаты: танысу, сергіту.
Өту шарты
-
1)
Қатысушылар екі шеңберге тұрады: сыртқы және ішкі.
-
2)
Белгі берілгенде қарама-қарсы тұрған адамға өз есіміңізді айтып, қол алысып амандасыңыз.
-
3)
Содан кейін оңға бір адым жасап, келесі адаммен басқаша тәсілмен амандасыңыз.
-
4)
Осылайша барлығы бір-бірімен әртүрлі амандасып, танысып шығады.