Кеңістік пен уақытты күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Павлодар облысы, Ертіс ауданы
Ынтымақ негізгі мектебі
Пән
Физика (7-сынып)
Мұғалім
Идрисова Дана Темирбаевна
Математика және физика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы
Инерция. Кеңістік пен уақыт
Сілтеме: жоспар
Жалпы мақсаты
- Инерция, кеңістік және уақыт ұғымдары туралы мағлұмат беру.
- Инерцияны, кеңістік пен уақытты күнделікті өмірде және есеп шығаруда қолдануға үйрету.
- Топта өзара бағалауға баулу.
Күтілетін нәтиже
- Инерция, кеңістік және уақыт туралы негізгі түсініктерді меңгереді.
- Бұл ұғымдарды күнделікті өмірде және есеп шығаруда қолдана алады.
- Топтық жұмыста бағалау жүргізе алады.
Негізгі идеялар
Инерция ұғымы
Кез келген дене сыртқы әсер болмаған жағдайда Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды. Денеге басқа денелер әсер етпегенде оның жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады.
Бұл құбылыстың дұрыстығын тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады. Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі кездеседі.
Кеңістіктің қасиеттері
- Шынайы бар болуы
- Материямен біртұтастығы
- Шексіздігі
- Үш өлшемділігі
Уақыттың қасиеттері
- Шынайы бар болуы
- Үздіксіздігі
- Тәуелсіздігі
- Бірқалыптылығы
- Бір бағыттылығы
Тапсырмалар форматы
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Блум таксономиясы
Сабақ барысы (мұғалімнің жазбалары)
I. Ұйымдастыру
2 минут- Сәлемдесу.
- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сурет қиындылары арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
4 минут- Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.
- Орын ауыстыруды координаталар айырымы арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.
- Қозғалыс заңының формуласын қалай жазуға болады?
- Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигі қандай болады?
III. Талқылау сұрақтары
3 минут- Егер денеге ешқандай күш әсер етпесе, ол қандай күйде болады?
- Инерция деп нені түсінеміз?
- Кеңістік және уақыт туралы қандай тұжырым жасауға болады?
IV. Топтық жұмыс
15 минутРөлдер
Әр топта 5 рөл анықталады: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.
Жұмыс тәртібі
- Берілген мәтінді мұқият оқиды.
- Топ ішінде бірлесе талқылайды.
- Бақылаушы орындалған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.