Табақ тарту жолдары
Сабақ тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын дайындау
Бұл сабақта оқушылар қазақ халқының дәстүрлі ет тағамдарын дайындаудың негізгі қағидаларын меңгеріп, қонақ күту мәдениетіне қатысты әдет-ғұрыптарды тәжірибе арқылы үйренеді.
Сабақтың мақсаты
- Теориялық білімді практикада қолдануға үйрету.
- Ұлттық тағамды өз қолымен дайындап, қонақ күте білу дәстүрін таныту және өмірде сақтауға баулу.
- Ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Құрал-жабдықтар
Төрт түлік малдың макеті, қой етінің мүшелері (сурет/муляж), ыдыс-аяқ.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін қысқа сергіту тапсырмасы орындалады. Мұғалім сөздерді кезекпен оқиды:
Мысал сөздер: шаңырақ, кереге, білезік, шолпы, домбыра, сырнай, уық, адырна, сақина.
- Осы сөздерді неше топқа бөлуге болады?
- Соңғы сөзді атаңдар.
- Оқылған сөздерден киіз үйдің сүйектерін атаңдар.
2) Өткен сабақты пысықтау
Өткен сабақта ет пен балық тағамдарының құндылығы қарастырылды. Енді оқушылардың еттің құндылығы туралы жинаған мәліметтері тыңдалады.
3) Жаңа тақырып: дәстүрлі ет тағамдары және мүшелеу
Бүгінгі сабақта қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын дайындау және әдет-ғұрыпқа байланысты табақ тарту жолдары үйретіледі. Көрнекілік ретінде төрт түліктің қиық макеті қолданылады.
Төрт түлік иелері
- Қой — Шопан ата
- Ешкі — Секен ата
- Сиыр — Зеңгі баба
- Жылқы — Қамбар ата
- Түйе — Ойсылқара
Қой етін жіліктеу
Қой еті дәстүрлі түрде 12 мүшеге бөлінеді. Төменде негізгі мүшелер топтастырылып берілген.
Қол мүшелері
Жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік.
Сан және тұлға мүшелері
Бел омыртқа, сүбе, қабырға, бұғана, мойын, төс.
4) Табақ тарту дәстүрі
Қазақ халқында қонаққа табақ тартудың түрлері көп. Әр табақтың өз орны, өзіне сай мүшелері болады. Бұл бөлімде табақ түрлері және оған салынатын кәделі мүшелер таныстырылады (муляж арқылы көрсетіледі).
Бас табақ
Сыйлы қарттарға, аса қадірлі қонақтарға тартылады. Кәделі мүшелері: бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе қабырға, жылқыдан — қазы-қарта, жал-жая.
Жай табақ
Ортан жілік, жауырын, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа салынады.
Жастар табағы
Кәделі жілігі: төс және асықты жілік.
5) Мақал-мәтелдер және тағылым
Төрт түлік пен тағамға қатысты мақал-мәтелдер айтылып, мағынасы түсіндіріледі:
Қой семірсе — құт.
Ақ серке қой бастайды, ақын жігіт той бастайды.
Түйеде жоқ ерлік арыстанда болады.
Ер — атымен, құс — қанатымен.
Ет — етке, сорпа — бетке.
Қыс айларында суық тиіп, тұмаумен жиі ауырамыз. Құрт қосылған сорпа ішсең, бойың сергіп, қуат аласың. «Ас — адамның арқауы» деп бекер айтылмаған.
6) Төрт түлік өнімдерінің маңызы
Төрт түлікке сын көзбен қарап, оның адам тұрмысындағы орнын талдаймыз. Оқушылар өз ойларын айтып, төмендегі бағыттар бойынша қорытынды жасайды.
Киім-кешек, тұрмыс
Жүн, көрпе, киіз және басқа тұрмыстық бұйымдар.
Сүт өнімдері
Сүт, ірімшік, құрт, қаймақ, айран, қымыз, шұбат.
Ет тағамдары
Қуырдақ, түрлі ет асулары және дәстүрлі дәмдер.
Практикалық бөлім: Сиыр етінен қуырдақ дайындау
Ет тағамдарының ішінен қуырдаққа тоқталамыз. Қуырдақ таза еттен, сондай-ақ өкпе-бауырдан, ішек-қарыннан да дайындалады. Бұл нұсқауда сиыр етінен қуырдақ әзірлеудің қарапайым технологиясы беріледі.
Қажетті ыдыстар
- Қазан
- Пышақ
- Тақтай
- Кәкпір
Азық-түліктер
- Сиыр еті
- Пияз — 2 дана
- Тұз — 1 ас қасық (дәміне қарай)
- Бұрыш
- Күнбағыс майы
Дайындау реті
- 1 Етті ұсақтап турау.
- 2 Қазанда майды қыздыру.
- 3 Пиязды турап, майға қуыру.
- 4 Етті қосып, қуыру және араластыру.
- 5 Тұз, бұрыш сияқты дәмдеуіштерді қосу.
- 6 Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарқанға ұсыну.
Қорытынды
Сабақ соңында мұғалім негізгі ұғымдарды қорытындылап, оқушылардың тәжірибелік дағдыларын және ұлттық дәстүрге қатысты түсініктерін жинақтайды.