Қыз сыны сайысы

Қыз сыны сайысы

Тақырыбы

Қыз сыны сайысы.

Қатысушылар

5–8 сынып оқушылары.

Өткізілу түрі

Сайыс.

Мақсаты

Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, білімге деген қызығушылығын арттыру. Мәнерлеп оқу, сөйлеу мәдениеті, мақал-мәтелдер, сұрақ-жауап, ән мен би арқылы ой-өрісін дамыту. Мемлекеттік тіл — қазақ тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу және эстетикалық тәрбие беру.

Жүргізушілер сөзі

Жүргізуші I

Мен қазақ қыздарына қайран қалам —
Жайнаған, жалындаған, жайраңдаған.
Сол — менің жүрегімнің ханшасы,
Жыр шоғын ұсынамын айдан да оған.

Жүргізуші II

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Қыз сыны сайысына қош келдіңіздер.

«Қызың жақсы болса…»

  • Бірінші — иманың,
  • Екінші — жиғаның,
  • Үшінші — ырысыңның тұрағы.

Қазақ халқы қыз баланы ерекше қадірлеген: қызды қонақтай көріп, гүлдей нәзік деп бағалап, көңілін қалдырмай өсірген. Қыз бала өзін күтіп, жинақы, әдемі көрінуге тиіс.

Ұлағат және мақалдың төркіні

Бұрынғы кезде әдемі, жинақы дүниені «қыздың жиған жүгіндей» деп бейнелеп, қыздың жасағаны, айтқан сөзі, жүрген жүрісін көркемдік өлшемі ретінде құрметтеген. Қыздың жүріс-тұрысына бүкіл ел баға берген. Осыдан өнеге болар нақылдар туған:

Нақыл сөздер

  1. Қыз баланың қыдырымпаз болғаны жараспайды.
  2. Қыздың аңқауынан сақтан, ұлдың жалқауынан сақтан.

Ән шашу

«Той басталды, той басталды, қолға сырнай алайық. Кел, шырқайық тойбастарды, қоштап кетсін халайық!» — деп, кезекті Көгершін ән шашуымен ортаға Күлзия Серікқызын шақырамыз.

Қатысушылар

Құрметті қонақтар, бүгінгі Қыз сыны байқауына қатысатын аруларымызды ортаға шақырып, қошеметпен қарсы алайық:

№1

8 «А» сынып оқушысы Қисықова Әсем — «Әнші балапан» сайысының бас жүлдегері.

№2

7 «А» сынып оқушысы Жолдыбаева Самал.

№3

5 «А» сыныптың озат оқушысы Жакина Жансая.

№4

6 «Б» сынып оқушысы Исмаилова Зинеп — мемлекеттік тілді құрметтейтін, анасының көмекшісі.

№5

5 «А» сынып оқушысы Балғабаева Динара.

№6

7 «Б» сынып оқушысы Лещук Ангелина — қазақ тілін өз тіліндей жақсы көретін.

№7

Горбачева Екатерина — мемлекеттік тілді жақсы меңгеруге талпынып жүрген оқушы.

Әділқазылар алқасы

Байқауды бастамас бұрын, бүгінгі сайысты бағалайтын әділ әрі адал әділқазылар алқасымен танысайық:

  1. 1. Мектеп директорының орынбасары — Абилова Әсия Қасымбекқызы.

  2. 2. Ата-аналар комитетінің төрағасы — Гурина Алла Васильевна.

  3. 3. Первомайский селосының әкімі — Түребаев Асылхан Шерғалиұлы.

  4. 4. Зейнеткер әжеміз — Кудебаева Сапаргүл.

Шабыт сөзі

Әнбісің әлде? Неткен үн сені шырқады?
Әлде сен, қалқам, бозарып атқан қыр таңы?
Сезіп тұр санам: сен өзің, сірә, болғайсың —
Жалғандағы осы жақсының ғана ұрпағы.

Сайыстар тізімі

  • I сайыс: Таныстыру
  • II сайыс: Мақал-мәтелдер

I сайыс: Таныстыру

Қыздар өздерін көрермендер алдында таныстырады:

№1: Қисықова Әсем

№2: Жолдыбаева Самал

№3: Жакина Жансая

№4: Исмаилова Зинеп

№5: Балғабаева Динара

№6: Лещук Ангелина

№7: Горбачева Екатерина

II сайыс: Мақал-мәтелдер

«Мақал — сөздің атасы, сөз мәйегі». Жүргізуші мақалдың алғашқы жартысын оқиды, ал қатысушылар екінші жартысын жалғастырады.

1

Қызға — қырық үйден тыйым,
ұлға — отыз үйден тыйым.

2

Қызым — саған айтам,
келінім — сен тыңда.

3

Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

4

Қыздың көзі — қызылда.

5

Қыз өссе — елдің көркі,
гүл өссе — жердің көркі.

6

Қыз жоқ жерде — қызық жоқ.

7

Ұлың үйленсе — ырысың,
қызың орын тапса — өрісің.

8

Қыз кетсе — қуаныш,
тұрақтаса — жұбаныш.

9

Бір жақсы қыз — екі жаман ұлға татиды.