Тарихшыдан сұрақ

Тренингтің мақсаты

Бұл тренингтің негізгі мақсаты — ойын арқылы оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтау және тапқырлыққа, шешендікке, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Сонымен бірге ұлттық рухы жоғары, мәдениетті азамат тәрбиелеу көзделеді.

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Конверттер
  • Топ атаулары жазылған парақтар
  • Кері байланыс парағы
  • Гүлдер

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет
  • Математика

Ұйымдастыру

Әділқазылар алқасы бекітіледі. Тренинг кезеңдері алдын ала таныстырылып, уақыт пен бағалау тәртібі нақтыланады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

«Оқу адамды білімді болуға, әңгімелесу — тапқырлыққа, естігенді жазып отыру — дәлдікке тәрбиелейді», — деген Ф. Бэконның ойына сүйене отырып, «Білімділер» тренингіне қош келдіңіздер!

Тренингтің жоспары

Тренинг бірнеше кезеңнен тұрады. Әр бөлім оқушылардың білімін ғана емес, ойлау мәдениетін, командалық жұмысын және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

1) Танысу

Командалық старт
  • Топ мүшелерін таныстыру
  • Топ ұранын айту

2) Топты бейнелеу

Шығармашылық

Әр топ өзін қалауы бойынша қимылмен, өлеңмен, суретпен немесе шағын көрініс арқылы таныстырады.

3) Ой қозғау

Мағынаны ашу

Келесі ұғымдардың мәнін ашу:

Тарих Білім Ауылым

4) «Эрудит»

Сұрақ-жауап

Қарсылас топтар бір-біріне сұрақ қояды. Мақсат — нақты жауап беру, дәлел келтіру және ойды мәдениетті түрде жеткізу.

5) Білім сапасын арттырудың бес жолы

Дәлелді ұсыныс

Әр топ білім сапасын арттырудың дәлелді 5 жолын ұсынады және қысқаша негіздейді.

6) «Тарихшыдан сұрақ» (3 конверт)

Конверттік тапсырма

Сұрақтар үш конвертке бөлінген. Әр конвертте — бес сұрақ.

1-конверт

  1. Мұхаммед пайғамбар 1352 жыл бұрын Меккеден Мәдинаға қоныс аударды. Бұл оқиға қай жылы болды?

    Жауап: 622 жыл

  2. Ақсақ Темірдің мұражайы орналасқан қаланы ата.

    Жауап: Ташкент қаласы

  3. 1961 жылы ғарышқа алғаш ұшқан Ю. Гагаринге Олжас Сүлейменов қандай поэмасын арнады?

    Жауап: «Адамға табын, жер енді»

  4. Родос аралындағы күн құдайының 45 м мүсіні (б.з.б. 285 ж. жасалып, б.з.б. 224 ж. жер сілкінісінде қираған) — әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл қандай керемет?

    Жауап: Родос алыбы

  5. «Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген дария, алдын тоссаң тоқырар». Бұл кімнің сөзі?

    Жауап: Әйтеке би

2-конверт

  1. Б.з.б. 519–518 жылдары сақтар І Дариймен соғысты. Содан бері қанша уақыт өтті?

    Жауап: 2533 жыл

  2. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп, медальмен марапатталған қаланы ата.

    Жауап: Астана қаласы

  3. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл Жабаев майдангерлерге қай өлеңімен рух берді?

    Жауап: «Ленинградтық өрендерім»

  4. Әлемнің жеті кереметінің бірі: б.з.б. VI ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасатқан бақ қалай аталады?

    Жауап: Аспалы бақ

  5. «Алтын ұяң — Отан қымбат, құт-берекең — атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, мейірімді апаң қымбат». Бұл кімнің сөзі?

    Жауап: Қазыбек би

3-конверт

  1. Б.з.б. 209 жылы Орталық Азия ғұндарын Мөде басқарды. 455 жылы ғұндардың билеушісі Аттила болды. Осы екі оқиға арасында қанша жыл өтті?

    Жауап: 664 жыл

  2. Әйгілі Биг-Бен сағаты орнатылған қаланы ата.

    Жауап: Лондон қаласы

  3. 1723–1727 жылдардағы қайғылы оқиғаны Қожаберген жырау қандай әнмен жырлады?

    Жауап: «Елім-ай» әні

  4. Перғауындардың өзіндік үлгідегі мазарлары (б.з.б. XXVIII ғасыр) — әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл қандай керемет?

    Жауап: Хеопс пирамидасы

  5. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі, өзіне келер ұятын өзі біліп тұрса игі». Бұл кімнің сөзі?

    Жауап: Төле би

7) «Таңғажайыптар алаңы»

Ойын форматы

Үш топқа бір сұрақ қойылады. Бұл кезең «Поле чудес» ойынының қазақы нұсқасы ретінде өткізіледі.

Берілетін сұрақ

Шыңғысханның нақыл сөзі:

«Құлаш денем құласа құласын, құраған елім құламасын».

8) Түйіндеу

Рефлексия

Қатысушылар іс-шараны қорытындылап, ұсыныс, пікір, тілек немесе ой түйіндерін ортаға салады.

9) Қорытындылау және марапаттау

Нәтиже

Жеңімпаз топтар марапатталады. Барлық қатысушыларға кері байланыс парағы таратылады және психологпен бірге шағын тренинг өткізіліп, іс-шара аяқталады.

Кері байланыс парағы

Іс-шараның сапасын жақсарту үшін қатысушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.

1) Бүгінгі іс-шара сізге ұнады ма?

2) Ұнаса, несімен?

3) Өзіңізге қандай пайда алдыңыз?

4) Қандай ұсыныс айтасыз?

5) Қандай баға қоясыз?