Мәтіннің авторы кім

Сауат ашу • 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Бәсіре» • Авторы: Ә. Табылды

Жаңа сабақ Биоақпараттандыру және синергетика «Ауызша–1» картасы

Сабақтың құрылымы

Сабақ кезеңдері оқушының қабылдауын бірізді ұйымдастыруға және мәтінмен жұмыс дағдыларын жүйелі қалыптастыруға бағытталған.

  1. I

    Ұйымдастыру

    Психологиялық дайындық.

  2. II

    Ұғынуды ұйымдастыру

    Тақырыпқа кіріспе, бағыттау.

  3. III

    Қабылдауды ұйымдастыру

    Мәтінмен жұмыс (мұғалімнің оқуы).

  4. IV

    Түсінікті тексеру

    Сұрақтар арқылы алғашқы бақылау.

  5. V

    Алғашқы бекіту

    Ойды нақтылау, қысқа тапсырмалар.

  6. VI

    Талдау және рефлексия

    Қорытындылау, кері байланыс.

Сөздікпен жұмыс

Негізгі ұғым

Бәсіре — балаларға арнайы арналып, ен салынған (таңбаланған), жеке меншігі ретінде белгіленетін мал.

Сұрақтар жүйесі

Бұл бөлім оқушылардың мәтін мазмұнын түсінуін, негізгі ойды табуын және ұлттық танымға қатысты ұғымдарды ажыратуын көздейді.

Мазмұнды ашуға арналған сұрақтар

  1. Мәтін қалай аталады?
  2. Мәтіннің авторы кім?
  3. Алты жасар Аңсар қайда келді?
  4. Аңсар кіммен бірге келді?
  5. Оларды кімдер қарсы алды?
  6. Қонақтарды қалай қарсы алды?
  7. Қонақтардың келгеніне кім қуанды?
  8. Қонақтарға арнап не жайылды?
  9. Қонақ күту кәдесі қалай орындалды?
  10. Аңсар мен Бекжан қайда шықты?
  11. Бекжан Аңсарға нені көрсетті?
  12. Жуас құнан қай жерде тұрды?
  13. Бекжан Аңсарға не деді?
  14. Аңсар бұрын атқа мініп көрді ме?
  15. Бекжан Аңсарды қайда мінгізді?
  16. Құнанның тізгінін кім ұстады?
  17. Бекжан қайда мінді?
  18. «Шүу!» деп кім тебінді?
  19. Құнан әуелі қалай жүрді?
  20. Содан кейін құнанды қалай жүргізді?
  21. Олар қайда барды?
  22. Аңсар мен Бекжан не терді?
  23. Жауқазын қай кезде өсіп шығады?
  24. Гүл тергенде балалар қандай күйде болады?
  25. Аңсарға құнанға міну ұнады ма?
  26. «Бәсіре» деген не?
  27. Төрт түлік малды ата.
  28. Қарақасқа құнан кімнің бәсіресі?
  29. Сенің өзіңе арналған бәсірең бар ма?
  30. Жылқының қандай пайдасы бар?

Сын тұрғысынан ойлауға арналған тұжырымдар

Оқушылар әр сөйлемнің дұрыс/бұрыстығын анықтап, мәтінмен дәлелдеуі ұсынылады.

  1. Мәтін «Бәсіре» деп аталады.
  2. Мәтіннің авторы — Әдібай Табылды.
  3. Аңсар жеті жаста.
  4. Алты жасар Аңсар атасымен қонаққа келді.
  5. Оларды әке-шешесімен бірге Бекжан қарсы алды.
  6. Меймандардың келгеніне үй иелері онша қуана қоймады.
  7. Қонақтарға арналып дастархан жайылды.
  8. Қонақтарға арнап қымыз бен шұбат құйылды.
  9. Қонақ күту кәдесі орындалды.
  10. Аңсар мен Бекжан далаға ойнауға шықпады.
  11. Бекжан желінің басында тұрған құнанды Аңсарға көрсетті.
  12. Құнан өте асау еді.
  13. «Мынау Қарақасқа құнан — менің бәсірем», — деді Бекжан.
  14. «Кел, құнанға мін!» — деді Бекжан.
  15. Бәсіре — балаларға арнайы арналып, ен салынған мал.
  16. Аңсар құнанға мінбеді.
  17. Бекжан мен Аңсар Қарақасқаға мінгесіп алды.
  18. Бекжан Аңсарды құнанға бірінші мінгізді.
  19. Аңсар бұрын атқа мініп көрмеген.
  20. Аңсар қорқып, құнанға мінбеді.
  21. Құнанның тізгінін Аңсар ұстады.
  22. Оның артына Бекжан мінді.
  23. Бекжан құнанды қамшымен ұрып жіберді.
  24. Бекжан «шүу!» деп тебініп қалды.
  25. Құнан бірден қатты жүрді.
  26. Балалар құнанды желдірте жөнелді.
  27. Олар ағып жатқан өзенге барды.
  28. Бекжан мен Аңсар жерге түсті.
  29. Олар қызғалдақ терді.
  30. Балалар гүлді көріп қуанды.

Бағалау

Қорытынды бағалау тәсілі

Оқушылардың жалпы сөздік қоры мен түсіну деңгейі матрица бойынша бағаланады.