Әңгімені мәнерлеп оқу

Жаңа сабақты меңгерту • Дәстүрлі сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Күздің кереметі» (Ә. Табылдиев)

Бұл сабақта оқушылар Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» әңгімесімен танысып, мәтіннің идеясы мен мазмұнын талдайды. Жұмыс түрлері оқушының өздігінен ізденуін, ойлауын, сөйлеуін және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жазушының өмірі мен шығармашылығын таныту; әңгіменің идеялық-мазмұнын ашу; шығармаға әдеби талдау жасау.

Дамытушылық

Оқушыларды өз бетінше ізденуге жұмылдыру; ойлау қабілетін дамыту; дүниетанымды кеңейту; сөздік қорды байыту; мәтінді мәнерлеп оқуға машықтандыру; шығармашылық қабілетті арттыру.

Тәрбиелік

Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен сөзі арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; жақсы істі бағалай білуге ынталандыру.

Ұйымдастыру және сабақтың ресурстары

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру, ізденушілік
  • Талдау, ажырату, салыстыру
  • Топтау, жинақтау, дәлелдеу

Көрнекілік және технология

  • Интерактивті тақта, тірек-сызбалар
  • Дамыта оқыту
  • СТО (сын тұрғысынан ойлау)

Пәнаралық байланыс

Дүниетану Бейнелеу өнері Қазақ тілі

Топқа бөлу

I топ

Шығармашылық орталығы

II топ

Ғылыми орталық

Сәлемдесу

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Ой қозғау: күз көрінісі

Абайдың «Күз» өлеңінен үзінді

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Талқылау сұрақтары

  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Жан-жануарлар мен құстардың күзгі тіршілігі қалай өзгереді?
  • Өлеңдегі көңіл күй қандай?

Нәтиже

Оқушылардың жауаптары жинақталып, күз мезгілінің ерекшеліктері мен табиғаттағы құбылыстар бір арнаға түсіріледі. Қорытынды ой слайд арқылы бекітіледі.

Мағынаны тану: шығарма және автор

Мәтінмен танысу

Күздің ерекше кереметтерін суреттейтін Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» әңгімесі мәнерлеп оқылады. Оқушылармен бірлесе отырып, мазмұндық жоспар құрылады.

Автор туралы

Әрі ақын, әрі жазушы Әдібай Табылдиев 1926 жылдың 1 ақпанында Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында дүниеге келген.

Мазмұндық жоспар

  1. 1 Бақшадағы күзгі қызу еңбек.
  2. 2 Күзетші Омар атаның қонақтары.
  3. 3 Күздің берекелі дастарханы.
  4. 4 Күз кереметін көруге асыққан балалар.
  5. 5 Ата әңгімесі:
    • Әртүрлі бейнедегі жемістер мен көкөністер.
    • Күз — байлық пен берекенің бастауы.
    • «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды».
  6. 6 «Атаның сөзі — ақылдың көзі».

Ой тастау: талдау және тілдік жұмыс

Нені білдік?

Әңгімеге әдеби талдау жасалып, негізгі ой, кейіпкер әрекеті, табиғат суреті және авторлық тұжырым анықталады.

Тапсырмалар

  • Мәтіндегі мақал-мәтелдерді табу және мағынасын ашу.
  • Тұрақты сөз тіркестерін анықтау.
  • Антонимдерді және диалогтарды табу, мәнерлеп оқу.
  • Жауаптарды топтастырып, слайд арқылы бекіту.

Сергіту сәті

Жаңбыр жауды себелеп,

Гүлге қонды көбелек.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек.

Ой толғаныс: орталықтар бойынша жұмыс

Шығармашылық орталығы

  • «Күз» тақырыбына өлең шығару.
  • Әңгіме бойынша «Күзгі дастарханға» сипаттама беру.

Ғылыми орталық

  • Табиғаттағы күзгі өзгерістерді сипаттау.
  • Ребус шешу: «Күз — мереке, күз — береке».

Ой қорыту: мәтінмен жұмыс және өмірмен байланыс

Мәтінмен жұмыс

Оқушылар мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды. Негізгі ойды нақтылап, дәлелдермен қорытынды жасайды.

Ақпарат (слайд)

Қазақстан астықты державалардың қатарына жатады: жыл сайын 15–17 млн тонна астық жинап, ішкі сұранысты қамтамасыз етеді және астыққа мұқтаж елдерге де қолдау көрсетеді. Биыл диқандар 21 млн тонна астық жинап, соңғы 5 жылдағы ең жоғары нәтижеге жетті. Ел Президенті Н. Назарбаев бұл еңбектің маңызын, әсіресе әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында, ерекше атап өтті.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

  • Әңгімедегі көрініс бойынша сурет салу.
  • Тест құрастыру.
  • «Күз» тақырыбына мәтін құрау.

Бағалау

Топтық жұмыстардың нәтижесі бойынша бағалау жүргізіледі. Ынталандыру мақсатында топтарға жемістер мен көкөністер үлестіріледі.

Белсенділік Мәнерлеп оқу Талдау Шығармашылық